«Ақтаңдақ» кезеңдер тарихымызда аз болған жоқ... Біз халқымыздың тарихындағы ақтаңдақтарды 1980 жылдардың екінші жартысындағы жариялылық, демократияландыру деп аталатын кезеңде айта бастадық. 1989 жылы Колбин кетіп, Орталық Комитеттің басшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы келді. Коммунистік партияның Орталық Комитеті арнайы қаулы шығарып ұлттық тарихтың ақтаңдақтарын, Ұлт-азаттық қозғалыс мәселелерін еркін айтуға мүмкіншілік туды. Алаш қозғалысына қатысқан шығармашылық топтың Шәкәрім, Міржақып, Мағжан шығармаларының ақталуы да 1989 жылдан басталды. Ұлттық тарихты қалпына келтіру тәуелсіздіктен бұрын ойластырылған еді. Бұл жолда Елбасымыз көп еңбек сіңірді. 1998 жыл «Ұлттық тарих» жылы деп жарияланып, 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынды. Оның аясында шетелдегі тарихи деректерді елге қайтару жүзеге асты. Көп кешікпей бұл жоба «Халық тарих толқынында» деген президенттік бағдарламаға жалғасты. Елбасының тікелей қолдауымен бұрын беймәлім болған тарихи деректерді жинақтауда көп шаруа атқарылды. Тарихи-мәдени мұралар жинақталды, ақтаңдақтар ашылды. 1993 жылы репрессия құрбандарын ақтау жөнінде арнайы заң қабылданса, 1997 жылы Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.Ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар мен тарихымызды ұлықтауға арналған мемлекеттік бағдарламалар тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап рухани құндылықтарымызды дамыту жолында қызмет жасап келеді. Осы қатарда 2004 жылдан басталған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және 2017 жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалары ұлттық тарихымызды зерделеу мен жаңғыртуды көздеп, рухани құндылығымызды дәріптеуге тікелей атсалысып отыр. 80. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. ҚР-ның Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойынша бастамасын талдаңыз. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады. АӨСШК шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті. Мүше мемлекеттер арасында сенім мен ізгі ниет атмосферасын құру АӨСШК-тің негізгі мақсаты болып табылады. АӨСШК сенім шараларының каталогында Сенім шараларының тізбесі бар. АӨСШК сенім шаралары каталогында бес өлшем бойынша: экономикалық, экологиялық, адами, әскери-саяси және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес саласындағы сенім шаралары айқындалған. АӨСШК хатшылығы – кеңестің әкімшілік органы, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтанда орналасқан. Хатшылықтың штатына мүше мемлекеттер жіберетін атқарушы директор, атқарушы директордың орынбасары және кәсіби персонал кіреді. Форум жұмыс істеген жылдары 5 саммит және 5 министрлік кездесулері өткізіліп, онда АӨСШК қызметінің негізгі базалық қағидаттары мен оған негіз болатын жарғылық құжаттар қабылданды. Форумның басты міндеті ретінде халықаралық құқық қағидаттары мен күш тұрғысынан саясаттың қолайсыздығы, экономикалық дамудағы, нәсілдік, этникалық және діни тиістілігінің айырмашылықтары негізінде ашық және сындарлы диалог арқылы Азия мемлекеттері арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау үшін қолайлы жағдай жасау болды. Өткен 28 жыл ішінде Форум халықаралық саясаттың проблемалық мәселелер бойынша ашық ой-пікірлер алмасатын диалог алаңына айналды, сондай-ақ олардың арасында өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті. Сегіз елмен және бақылаушы мәртебесіне ие бес ұйыммен қатар, АӨСШК мүшелерінің санын 27 мемлекетке дейін ұлғайту осы платформаның өзектілігін әрі оның қажеттілігінің дәлелі болып табылады. Сонымен бірге, бүгінгі шындық АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа басымдықтары мен неғұрлым пәрменді тетіктерін әзірлеуді талап етеді. АӨСШК мүше мемлекеттер: Әзірбайжан, Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Египет, Израиль, Үндістан, Иран, Ирак, Иордания, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка.