1 билет Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз



бет20/82
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126748
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Байланысты:
1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама-emirsaba.org

Жанат тұқымдасы (лат. Procyonidae) – сүтқоректілер класына жататын жыртқыш аңдар.
Бұлар негізінен СолтүстікОрталық және Оңтүстік АмерикадаОңтүстік-Шығыс Азияда тараған. 8 туысы, 15 түрі бар. Көпшілігінің дене тұрқы ұзынша келген (30 – 120 см, ал алып панда – 180 см-дей). Салмағы 1 – 160 кг-ға дейін. Құйрығының ұзындығы 20 – 70 см. Аяқтары қысқа, бес башайлы, тырнақтары жиырылғыш, табанын толық не жартылай басып жүреді. Қылшықты түктері қалың, құйрығы ұзын (алып пандадан басқасы), көпшілігінің қара жолақтары болады. Кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді. Ал кинкажу құйрығымен жармасып, бар тіршілігін ағаш басында өткізсе, алып панда тек жерде ғана жүреді. Бұлар жәндіктер, бақа, шаян, түрлі кемірушілермен, сондай-ақ жеміс-жидек, шошқа жаңғақ, т.б. өсімдіктермен қоректенеді. Қар түсісімен қысқы ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 1 – 8-ден (көбіне 2 – 4) күшік табады. Бір жасында жыныстық жағынан жетіледі. Жанат тұқымдасының терісі бағалы бір түрі – жанат (Procyon lotor) – Қазақстанға 1930 жылдардың аяғында әкелініп, Оңтүстік Қазақстан облысында Піскем өзенінің бойындағы жаңғақты-жидекті орманда жерсіндірілген. Оның дене тұрқы 41 – 60 см, құйрығының ұзындығы 20 – 40 см-дей, салмағы 7 – 8 кг. Басы, көзі үлкен, тұмсығы қысқа. Жүні қалың, сарғылт сұр, қара қошқыл. Күндіз ініне не ағаш қуыстарына паналап, түнде қорегін аулайды. Қысқы ұйқыға жатады. Қорек талғамайды. Түрлі жәндік, өсімдікпен де қоректене береді. Ақпан – наурыз айларында ұйығып, жылына бір рет 2 – 8-ден (көбіне 3 – 6) күшік табады. Түрлі ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Жанат бағалы терісі үшін ауланады. Оның терісі өте берік және жылы, одан әйелдерге тон, ұшқыштардың сырт киімі (комбинезон) тігіледі
Мысық тұқымдастар -- етқоректі жыртқыштар тобына жатады. Бұл топқа үй мысықтары, жабайы мысықтар, арыстанжолбарыссілеусінқабылантеңбілшеілбісін және тағы басқалар жатады. Олар жемтігіне білдірмей жақындап, бас салады. Мысық тұқымдастар сопақша келген ұзарған денесімен және өткір де қатты тырнақтарымен ерекшеленеді.
Мысықтар тұқымдасының барлығы суда тамаша жүзеді, бірақ суға түспейді. Қабыландар ағашқа жақсы өрмелейді. Мысықтардың терісінің әдемілігі адамдардың қызығушылығын тудыруда. Олардың ноқаттары немесе жолақтары болады. Терісі үшін заңсыз аулау мысықтардың сиреуіне әкелді. Олар мұз басқан таулардан ылғал тропиктік джунглилерге, қапырық шөлдерге дейінгі аралықтағы түрлі орталарда мекендей алады. Үй мысықтары бүкілдүниежүзінде бар. Ал жабайы мысықтар тек таңдаулыжерлерде ғана өмір сүреді. Мына қызықты дереккеқараңыздар, мысықтың құлақтары бір-біріне тәуелсіз: біреуіалға қарай, ал екіншісі артқа қарай қозғала береді. Мысықтар ультрадыбыстарды да ести алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет