1 билет Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


-билет 1.Жарықтың тірі организмдерге әсеріне талдау жасаңыз



бет27/82
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126748
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
18-билет
1.Жарықтың тірі организмдерге әсеріне талдау жасаңыз
Биосфераға жарық өте қажет, өйткенi ол фотосинтезге қатысып, өсiмдiктер үшiн энергия көзi болып табылады. Жарық немесе күн сәулесi қалың атмосфера қабатынан өтiп, электромагниттi толқындар болып жерге түседi. Олар организмдерге түрлiше әсер етедi. Оның әсерi әр түрлi организмдерде жүйелiк фотосинтез, алғашқы өнiм, зат алмасу процестерiне әсер ететiн көзге көрiнетiн сәулелердiң қуатына, организмнiң реакциясына байланысты. Организмдердiң жарыққа қажеттiлiгi түрлiше болады. Эволюция барысында организмдерде жарықтың жеткілiктi не жеткiлiксiздiгiне байланысты түрлi бейiмделушiлiктер мен адаптациялық механизмдер пайда болады. Жарық сүйгiш өсiмдiктерде ассимиляциялық процестер күшейсе, көлеңке сүйгiштер жарық қуатының төменгi мөлшерiнде жақсы өсiп жетiледi. Жарыққа қажеттiлiк организмнiң жасы мен қасиеттерiне байланысты. Ересек организмдерге қарағанда олардың жасырақтары жарықты аз қажет етедi. Жануарларда көзге көрiнетiн жарық сол организмнiң тәулiктiк және жыл мезгiлдiк өзгерiстерiне байланысты бейiмделушi қасиеттерi арқылы әсер етедi. Организмдер үшiн күннiң ұзақтығы олардың көбею процесiнiң факторы болып табылады. Өсiмдiктерде жарықтың жеткiлiксiздiгi өсу процесiн тежейтiн фактор болып саналады. Жануарлардың көптеген түрлерi үшiн күннiң ұзақтығы, жарықталынудың өзгеруi көбею ритмiне әсер етедi. Жарықтың организмдердiң көбею процесiне физиологиялық әсер етуiнiң механизмi өте күрделi. Ол тек қана Ә.Т.Қанаев, С.Т.Түлеуханов, З.Қ.Қанаева 51 эндокриндi жүйенi ғана емес, сол сияқты қоректiк факторды да қамтиды. Тәжiрибе нәтижесiнде алынған жаңа жарық тәртiбi жануарлардың көбею процесiнде үлкен өзгерiстердiң пайда болуына әкеп соғады. Көзге көрiнетiн жарық сәулесiнiң жануарлардың мiнезқұлығына да әсерi күштi. Жануарлардың жарыққа байланысты әрекетiнiң ең қарапайым реакциясын фототропизм (грек. tropos – бұрылу) деп атаса, ал жарықтың қуаты, сапасы және күшiнiң жануарлардың қозғалу бағытына әсерiн таксис деп атайды. Жарықты жерде тiршiлiк ететiн жәндiктер үшін жарық оң таксис болса, қараңғыда тiршiлiк ететiн жануарлар үшін (мысалы жарқанат) – терiс таксис (грек. taxis – тұрған орын) болады.
Жарық  маңызды виталдық фактор. Өсiмдiктер  фотосинтездi жүргiзуде энергияның негiзгi көзi. Сонымен қатар ұзақтығы әр түрлi биологиялық ырғақты уақыт бойынша қысқа күн, ұзақ күн болу мерзiмдерiне әсер етедi. Бұдан жарықтың виталдық та, сигналдық та әсерi болатыны көрiнедi. Күзгi күннiң қысқаруынан жануарлар мен өсiмдiктер қысқы маусымның оның жағымсыз жағдайларының: жердiң тоң болуы, азық тапшылығы суық ызғар сияқты жанама факторлардың жақындап қалғандығын сезiнедi. Осы ықпалды сезiну сигналдық фактор деп аталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет