1 билет Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


-билет 1.Жылуға байланысты жануарлардың экологиялық топтарына талдау жасаңыз



бет23/82
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126748
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
16-билет
1.Жылуға байланысты жануарлардың экологиялық топтарына талдау жасаңыз
Жылуға байланысты жануарлардың экологиялық топтары 3-ке бөлінеді:
-гомойотерімді. Гомойотермді жануарлар ( гр. homoios — ұқсас, бірдей; therme — жылы) — қоршаган орта температурасының өзгеруіне қарамастан салыстырмалы тұрақты дене жылуын сақтайтын жануарлар (жылықанды жануарлар). Гомойотермді жануарларга құстар мен сүтқоректілердің копшілігі жатады. Сүт қоректілерде дене температурасы +35°С... + 38°С - ты ал, көптеген құстарда +41°С... + 43°С -ты құрайды.
-пойкилотерімді. Пойкилотермді (гр. poikilos - әртүрлі, therme - жылу) немесе суық қанды организмдердің денесінің температурасы қоршаған орта температурасына байланысты. Яғни қоршаған орта температурасы төмендесе организмнің дене температурасы да төмендейді. Бұларға құстар мен сүт қоректілерден басқа организмдер жатады. Көптеген суық қанды организмдерге анабиоз процесі тән. Жануарларда анабиоз төменгі температурада да, жоғарғы температурада да болуы мүмкін. Мысалы, жыландар мен кесірткелерде ауа температурасы +45°С -тан асқанда анабиоз процесі басталады.
-гетеротерімді. Гетеротермді организмдер - пойкилотермді организмдер мен гомойотермді организмдердің арасын алып жатыр. Белсенді кездерде оларда дене температурасы көтеріліп, тыныштық жағдайда төмендейді. Бүларға кірпі, жарқанат, колибри, сарышүнақ, суыр, аю және т.б. жатады. Жылдың қолайсыз жағдайларында бүл жануарлар ұйқыға кетеді.


2.Адыраспан өсімдігінің биологиясы және оларды тиімді пайдалану жолдарын ұсыныңыз
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары,бозғылт – сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.Жемісі – ішінде жуандығы 1 сантиметрдей ұрығы бар, қоңыр түсті, шар тәріздес қауашақ.
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.[1]
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып, аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
Пайдалану жолдары. Мал дәрігерлігі практикасында адыраспанның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері экземаларын емдейді. Тұнба 1:10 қатынаста жасалынады. 200 – 300 грамм ұнтақталған адыраспен шөбі қайнаған 2,5 - 3 литр жылы суға салынып, 1,5 – 2 сағат бойы тұндырырылады. Содан кейін оны бәсеңдеу отқа қойып, 2 – 3 минут қайнатып алады.
Жылы тұнбаны малдың қышыма, қотырына жағып, сондай – ақ оны жуып емдейді.
Әдетте адыраспанмен ірі қара, жылқы, ешкі қышымаларын , экземаларын. Қойдың қотырын емдеуге сирек қолданылады. Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, онымен малды емдеген кезде де сақ болған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет