1 билет Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Топырақ тұздылығының өсімдіктерге әсерін анықтап, оның топтарына талдау жасаңыз



бет26/82
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126748
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
2.Топырақ тұздылығының өсімдіктерге әсерін анықтап, оның топтарына талдау жасаңыз
Біздің планетамызда барлық топырақтың 25%-ға таяуы тұзды топырақ. Көп өсімдіктер үшін топырақ ерігіштігі тұздардың артық болуы оларды уландырады. Тез еритін тұздар өсімдіктер цитоплазмасына жеңіл ене алады. Практикада байқалғаны, әсіресе өсімдіктер үшін хлоридтік тұздану қатты әсер етеді, екінші орында сульфаттық тұздану жүреді. Тұздың артық концентрациясы өсімдік қысымына әсер етеді, су жүруі нашарлайды, улану жүреді. Улану кейде азоттың көп жиналғанынан да болады, зат алмасу жүрмей, өнімде нитраттар көбейеді (белок ыдыратады). Тұзданудан белок синтезі жүрмей, өсімдіктердің өсуі тоқтатылады. Сортаңды жерлер үнемі топырақ тұзды ерітіндісімен ылғалдылықта болады. Жазда кеуіп, тұз қабыршақтанады. Тұз концентрациясы бірнеше ондаған пайызға жетеді. Топырақтың тұздылығына бейімделген өсімдіктер – галофиттер, тұзсыз топырақтарда өсетін өсімдіктерді гликофиттер деп атайды. Галофиттердің өзі былай бөлінеді:
Эвгалофиттер сортаң жерлердегі өсімдіктер, бұған суккуленттер жатaды. Жапырақтары редукцияланған, етті, шетінде ассимиляциялаушы тканьдері бар, ортасы шырышқа толы кактус, алоэ, т.б. жатады.
Криногалофиттер тұзды бөлетіндер, бұл өсімдіктер ерекше без клеткасы арқылы өздерінен тұзды бөледі. Мысалы, кермек
Гликогалофиттер көбіне ксерофилді өсімдіктер. Мысалы, жусан тамырлары тұзды сормайды, өткізбейді. Сонымен, тұз клеткаларда жиналмайды. Сырдария жағалауында тамырын өте тереңге жіберетін өсімдіктер: қамыс, құрақ, қантқұрағы, қамыстаяқ,т.б.
Көптеген галофиттер үшін топырақтағы тұз концентрациясының жоғарылылығы – қолайлы факторлар. Мысалы, теңіз жолжелкені үшін өсімдік тұзының концентрациясы 2-3% болу керек екен, олар тұщы суда өспей, тіршілігін жояды.


3.Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтаудың ұлттық стратегиясының негізгі ережелеріне сипаттама беріңіз
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.
Конвенция өзара қарым-қатынастағы жақтар алдына үш негізгі мақсат қояды:
1. Биологиялық сан алуандықты тұрақты пайдалану;
2. Оның құрамдас бөліктерін тұрақты қолдану;
3. Генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайданы ақиқатты түрде және тең негізде алу.
негізгі ережелеріне
• Биосаналуандықты сақтау бойынша жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын құру;
• Жоспар шараларын қаржымен қамтамасыздандыру;
• Қорғау үшін обьектілерді анықтау;
• Шаруашылықтың әсерінен биосаналуандыққа қауіпті бағалау;
• Биосаналуандығының ахуалына мониторинг өткізу, проблема бойынша мәліметтер банкін құру;
• Генетикалық модифицирленген ағзаларды бақылау;
• Сирек және жоғалып жатқан түрлерді қорғауды, заңды түрде бекіту;
• Жоғалып жатқан түрлерді қайта көбейту бойынша шараларды жүзеге асыру;
• Тұрақты қолдану бойынша шаралар қабылдау;
• Биологиялық сан алуандық қоспалары;
• Экологиялық білімді дамыту;
Ағарту және тәрбие;
• Биосаналуандығы мүдделерін есептеу бойынша мәліметтерді жинау;
• Шаруашылық жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет