1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


 билет  1. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды



Pdf көрінісі
бет10/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

билет 

1. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды 

отырықшылыққа көшіру. 

2. 1989 жылғы «Қазақ КСР Тіл туралы» Заңының негізгі ережелері мен 

тарихи маңызы. 

3. Қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар. «Нұр-Отан» ХДП рөлі. 

 

1) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру 

туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-

сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын 

отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда 

қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан 

Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған 

отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің 

ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың 

қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын 

отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты 

отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл 

отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. 

Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді 

шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті 

жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы 



отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, 

мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. 

Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы 

орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды 

отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, 

керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге 

асыру талап етілді. 

Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты 

нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты 

көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған 

шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. 

Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты 

жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары 

орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс 

материалдарымен ғана қамтамасыз етілді.  

Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ 

халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар 

бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана 

көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен 

қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, 

қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс 

қалып отырды. 

 

2) Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I 

Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11. - Қазақстанның мемлекеттік 

тілі - қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері 

мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы.                                                         

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 

Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 

тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын 

кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен 

бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» 

тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат 

қабылданыпты. 

Тілімізді сақтау үшін жасалынған ұсыныстар 

1. 

Мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзуде қос тiлдiлiктен, бiр 



тiлдiлiкке, яғни қазақ тiлiнде жүргiзуге көшу керек. Ол үшiн тiл туралы 

Заңның тиiстi баптарына өзгерiс енгiзу қажет. 

2. 

Ата Заңымыздың 7-шi бабының «Мемлекеттiк ұйымдарда және 



жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен 

тең қолданылады» деген 2-шi тармағын алып тастау қажет. 

3. 

Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл 



туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген 

меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және 

жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты 



болады» делiнген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкiмшiлiк құқық 

бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет. 

4. 

Аталған Заңның 25-шi бабына және Қазақстан Республикасы 



Үкiметiнiң биылғы жылғы 8-шi қаңтардағы №16 Қаулысымен бекiтiлген 

Ережеге сәйкес, тiлдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз 

әөзыретiнiҰ шегiнде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық 

келiсiм Министрлiгi жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық аәпарат 

және қоғамдық келiсiм Департаментi, прокуратура органдарымен бiрiгiп, тiл 

туралы Заң талаптарының орындалуына дЎйектi тұрде бақылау жасауды 

қамтамасыз ету керек. 

5. 


Мемлекеттiк органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер 

қабылдағанда, олардың бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне мiндеттi түрде 

қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзе алатындығы енгiзiлуi тиiс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет