3. Жамбыл поэзиясындағы патриоттық жалын, рух пен жігер. Балаларға» деген өлеңiнде де Жамбыл жас шәкiрттер арасында бiрер жетiдей болмай қалса, «қуанышым, тiрегiм, жас ботам» деп аңсаған сағынышты көңiлiн бiлдiре, оларды өзiне жақын тартып, қуантып, мәз-мейрам етiп, бар ықыласымен жыр төгедi. Балалар әдебиетi тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағышығармалар балалардың жауға деген өшпендiлiгiн арттырады. Жас болса да, оң мен солды танытып, олардың да жауынгершiлiк рухын көтере түстi. мұны бiз оның «Балама хат» деген өлеңiнен көремiз. Жамбылдың жастар мен жас өспiрiмдерге арналған қай өлеңiн алсақ та, ол алдымен жастардың күшiне сенiп, соларды мақтаныш ете жырлайды. өйткенi жiгер де, күш те, қайрат та солардан табылады. Балаларға осылайша сенiм арта сөйлеу олардың күш-жiгерiн тасытып, рухын көтередi. Отан соғысы жылдарында қазақ балалар әдебиетiнiң күшi мен оның мазмұны және нағыз халық сипаты бұрынғысынан да айқын көрiнедi. Мiне, осының өзi балалардың Отанға, өзiнiң туған елiне сүйiспеншiлiк сезiмiн арттыра түседi. Отан соғысының тарихи тақырыптары балалар әдебиетiнде соғыстан кейiнгi жылдардағы бейбiт өмiрiмiздiң дамуымен де және бейбiтшiлiк жолындағы iзгi күреспен де тығыз байланысты дамып келуде. Жамбыл өзiнiң балаларға арналған барлық өлеңдерi арқылы жас өспiрiмдердi көтерiңкi рухта тәрбеилеудi iске асырған және соның тамаша үлгiсiн көрсеткен. Оқытушы: Мукышева.С.А.
24-билет 1. Қ.Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы • Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы — 30 желтоқсан 2006, Алматы) — Қазақстанның Халық қаһарманы (1995), Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.Найман тайпасының Қаракерей руының Құйымшақ бөлімінің Малай бұтағынан шыққан. Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы. 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде • «Илько Витряк» • «Переяслав партизандары» • «Ажал аузынан» • «Жау тылындағы бала» • «Днепрде» • «Жау тылында» • «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері • «Елімнің ертеңіне сенемін» • «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.