Тілді көріктеу құралдарының өзара байланысы. Абайдың «Қыс» өлеңіндегі эпитет, теңеулерді тауып, олардың көркемдік қызметіне талдау жасау.
Көркем сөзді ажарлап кана коймай, оны мазмұн жағынан да, пішін жағынан да кұбылта құлпыртып, эрқашан «тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізудің» тәсілдері көптен-көп. Айта берсек, тіпті табу , перифраз , эвфемизм тағы басқа осылар тәрізді ауыстыру амалдарының да бірқыдыру тіл құбылтар мүмкіндіктері бар және бұл тәсілдер, реті келген де, кейбір әдеби шығармаларда колданылған, қолданылып та жүр.
Л.И.Тимофеевтің айтуынша, троптың тілдік үш міндеті бар: 1. Танымдық (познавательный), 2. Даралаушылық (индивидуализирующий), 3. Жеке көзқарастық бағалау (субъективно-оценочный). Әдетте, осы үш қасиет бүкіл тілдік поэтикалық комбинациялардың бойынан табылып жатады.
Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Ұлы Абай атамыздың қыс өлеңіндегі негізгі теңеу сөздер мыналар: ұшпадай, бұлттай, бурадай сөздері. Қысты жанды бейнеде
суреттеп сырт портретінің қаһарлы, үрейлі көрінгеніне қоса ісі де қорқынышты екендігін көз алдымызға келтіреді.
№ 9 емтихан билеті
Әдебиеттегі тек пен түр. Жанр, оның түрлері. Әдеби жанрлар теориясы. Әдебиетті текке, түрлерге (жанрларға) бөлу-жіктеу принциптері.
Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Жанрлар теориясында баяндаушының маңызы зор. Эпика жанрында баяндаушының өзін алыс ұстап, оқиғаларды бейтарап, салқынқандылықпен, мейлінше объективтілікпен баяндау тәсілі кеңірек тараған. Мысалы, Гомердің «Иллиадасы» мен «Одиссеясынан» бергі кезеңдегі шығармалардағы баяндау үлгісі, орыс әдебиетіндегі –Л.Толстой, Ф.Достоевский, И.Тургенев, А.Чехов шығармалары, қазақ әдебиетінде – М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Нұрпейісов т.б қаламгерлер романдары.