Классицизмнің негізгі қағидалары. Романтизм мен реализмнің негізгі ұстанымдары.
Көркем әдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс – романтизм мене реализм деуге болады..
Романтизм – ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған. (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) – әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттеулер шындық қиялға негізделеді, қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.
Романтизм түгел алғанда әдебиетке жаңа тақырып, жаңа кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көптеген көркемдік ерекшеліктерімен байытты. Романтизм мен реализмді екі түрлі көркемдік әдіс деп қарасақ, олар бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі нәр бере алатынын есте сақтаған жөн. Қазақ әдебиетінде романтикалық сарын мысалды М.Жұмабаевтың («Батыр Баян») шығармасында көрініс тауып, өте әдемі, өте әсерлі болып шыққан.
Реализм (латынша realis – заттылық, шындық) – әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәелерлерді, күнделікті тұрмыстағы сан-алуан жайларды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Мысалы, Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің, қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын.
Реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |