Сөз өнері жайлы ұғым. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
«Әдебиет» деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққан, «сөз, асыл сөз» деген мағынасы бар. Әдебиет – өнер, көп өнердің ішінде сөз өнері. Мүсіншінің құралы – саз-балшық, суретшінің құралы – бояу, әншінің құралы – үн, бишінің құралы – қимыл болса, әдебиетшінің құралы – тіл. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз – бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей және бірден түсінікті бола алмайды.
Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің эрадан бұрынғы VІ ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Алайда адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Нил мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд пен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған.
№ 2 билет
1. Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс, табиғаты. Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен әдістемесін, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін зерттейді. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік, достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы. Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және объективті, субъективті идеализм. Дүниетанымның тарихи, әлеуметтік, философиялық алғышарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель. Поэзияның табиғатқа еліктеуіштік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк. Пизондарға арнау атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылыққа және нанымдылыққа айрықша мән беру.