Әдебиет теориясының методологиясы. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары.
Қазақстандағы әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі.
Көркемөнер табиғаты және эстетикалық ой-пікірлердің дамуы. Көркем сөз бен мәтін. Шығармашылық әлемі және әдеби болмыс. Жазу кезеңдері.
№ 4 емтихан билеті
Әдебиеттегі «көркем образ» және «обрыздылық» мәселелері. Көркем образ түрлері. Образдың жасалу жолдары мен тәсілдері.
1. Көркемдік әдіс тұрғысынан образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ.
Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең көне түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері мифтерде және халық ауыз әдебиетінде жатыр. Романтикалық образдың негізінде қиял жатады, сондықт ан бұл образ өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке көбірек негізделеді. Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілері мен аңыздарында, батырлық дастандары мен тарихи жырларында жасалды: Желаяқ, Көреген, Саққұлақ, Таусоғар, Алдар Көсе, Алпамыс, Қобыланды және т.б.
Романтикалық образ – қай жанрдың туындыларында болса да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі.
Реалистік образ – нанымды образ: оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға өлшеулі, мөлшерлі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде ылғи іркіп отырады.
Реалистік образ – типтік образ, өйткені өнердегі шыншыл образ бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып және творчестволық қиялға суарылып шығарылған.
Реалистік образды романтикалық образға қарсы қоюға болмайды. Екі образ бірін-бірі толықтыра, бір эстетикалық мұрат мақсатында қатар өмір сүреді.
2.Жасалу тәсіліне қарай образ: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ және т.б. бөлінеді.
Әдемілік туралы ілімде бірнеше (комедия және трагедия, героика және фантастика тәрізді) эстетикалық категориялар бар. Комедия ақиқат шындықтағы немесе адам мінезі мен бітіміндегі күлкілі жайлардан, трагедия – қайғылы құбылыстардан, героика – асыл, аяулы қасиеттерден, фантастика – асыңқы, асқақ әрекеттерден туады. Осы тәсілдердең әрқайсысына лайық геройлық, трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл арқылы көркем образдың юморлық және сатиралық түрлері жасалады.
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады. Юморда күлкілі құбылыстардың ең майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі – әзіл; ал әзіл келемежге айналса – ирония, келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе – сарказм болғаны.
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне.
Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі – қиялға негізделетін ертегі. Фантастикалық образ құр қиял ғана емес, көпке ортақ биік мақсаттарға, асқақ армандар мен асыл мұраттарға тамыр тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |