1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Эпос жанрының шығу тегі. Эпостың түрлері және оның құрамындағы бөлшектер



бет15/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2

Эпос жанрының шығу тегі. Эпостың түрлері және оның құрамындағы бөлшектер.

Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады.
Эпикалық жанр үш түрге бөлінеді:шағын ,орта және кең көлемді.
•Шағын көлемді эпикалық түрдің құрамына миф,аңыз,ертегі,мысал,новелла,әңгіме,очерк,фельетон кіреді. Кейбір әдебиет зерттеушілері мемуар, памфлет,эссе сияқты әдеби публицистикалық жазбаларды шағын көлемді эпикалық түрге жатқызады.Бұл даулы пікір.Баспасөз жанрларының бәрін көркем әдебиетке қоса беру қате.
• Орта көлемді эпикалық түрге повесть ,поэманы жатқызады.(бұлардың терминдерін жаттасақ жақсы болар)
• Кең көлемді эпикалық түрге роман,эпопея жатады

                1. Роман жанрының белгілері. Миф, ертегі, әңгіме, повесть, новеллаға тән белгілер

Роман (французша:roman)- композициялық құрылымы күрделі,уақыт жағынан тұтас бір кезеңді қамтитын,қоғам, адам өмірін жан-жақты қырынан терең қамтып ,саралайтын ең үлкен эпостық жанр.Көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр.Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді.


11 емтихан билеті





                  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет