1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Көркем әдебиеттің тілі. Құбылту (троп) мен айшықтаудың (фигура) түрлері, көркемдік қызметі



бет11/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2

Көркем әдебиеттің тілі. Құбылту (троп) мен айшықтаудың (фигура) түрлері, көркемдік қызметі.

8 билет
1) Троп – сөздi құбылтып яғни тура мағынада емес бұрма мағынада
қолдану
2. Троптың түрлерi
а) метафора
ə) Метонимия
б) кейiптеу
в) аллегория
г) символ (астарлы)
д) мегзеу (синекдоха)
е) гипербола (əсiрелеу), градация
ё) литота.
Əдеби тiлдегi ең басты құбылтулардың бiрi –ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora – көшiру) –сөз мəнiн өңдендiре өзгертiп айту, суреттеп отырған затты не құбылысты
айқындау, ажарландыра түсу үшiн оларды өзлерiне ұқсас өзге затқа не
құбылысқа балау, сөйтiп суреттелiп отырған заттың не құбылыстың
мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетiп, əсерiн күшейту.
Шығармадағы жансыз заттың, табиғат құбылысы қəдiмгi тiрi кiсiнiң
қылығымен ауыстырыла суреттелуі- кейіптеу деп аталады.
Ал мысал өлеңдердегi құбылту, көбiне пернелеу яки аллегория (гр. allegoria –
пернелеп айту) түрiнде келедi. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексiз
нəрселер қəдiмгiдей көзге көрiнер деректi нəрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық, зорлық, қастық секiлдi жалпылама ұғымдарды Сəбит Дөнентаев өзiнiң “Ауырған арыстан” деген аллегориялы өлеңiнде қулық – Түлкi, зорлық –Арыстан,
қастық – Қасқыр бейнелерінде көшiрiп пернеленiп көрсеткен.
Троптың бiр түрi – астарлау, яки символ – бiр нəрсенi не құбылысты тура суреттемей бұларға ұқсас басқа бiр нəрсеге, не құбылысқа құпия телiп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды анықта ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсiндiру. Мысалы:Пушкиннiң “Анчары” мен Лермонтовтың “Желкенi”.
Троптың бiр түрi – алмастыру, яки метонимия -өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердiң бiрiнiң орнына бiрiн қолдану.
Мегзеу – алмастырудың бiр түрi –бүтiннiң орнына бөлшектi
немесе керiсiнше, жалпының орнына жалқыны немесе керiсiнше қолдану.
Троптың бiр түрi – кекесiн, яки ирония (гр. eironeia -келемеждеу); тағы
бiр түрi –мысқыл, яки сарказм (гр sarkasmos – масқаралау)

-Қайтсiн, қолы тимептi,


Өлеңшi, əншi, есiл ер!


Ала жаздай əн салсаң,


Селкiлде де, билей бер!


Троптың бiр түрi –ұлғайту, яки гипербола (гр. hyporbole –үлкейтiлген,
қомақты); тағы бiр түрi – кiшiрейту яки литота (гр. litotes – қарапайым, қораш)
Мысалы:
Жоғарғы ернi көк тiреп,

Төменгi ернi жер тiреп.


Əдеби тiлдiң əсемдiгi ғана емес, əсерлiлiгi үшiн де əжептəуiр
қажет тəсiл-айшықтау, яки фигура – сөз
тiркестерiн дағдылы синтаксистiк қалыптан гөрi өзгешелеу ораммен,
айрықша айшықпен құру.
Фигураның түрлері:
1)Арнау – жазушының көбiне-көп ақынның өзiне не өзгеге, кейде
тiптi жалпы жұртқа арнайы тiл қатуы, көпшiлiкке қайырыла сөйлеуi, олармен
iштей кеңесуi.
Арнаудың бірнеше түрі бар:
1) Жарлай арнау
2) Сұрай арнау
3) Зарлай арнау
Фигураның бiр түрi- қайталау сөз əсерiн күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нəрсенi не құбылысты бiрнеше мəртебе
қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сiңiре түсу.
Қайталаудың бiрнеше түрлерi бар:

1. Жай қайталау.


2. Еспе қайталау.


3. Əдепкi қайталау, анафораның (гр. anaphora –биiкке шығару) үлгiсi.


4. Кезектi қайталау, яки эпифораның (гр.epiphora – cоңынан алып жүру)


үлгiсi.
Фигураның бiр түрi – сөз орнын ауыстыру, яки инверсия (лат. inversio
орын өзгерту, төнкеру) прозалық, əсiресе поэзиялық шығармаларда сөздердiң əдеттегi грамматикалық түзiлу тəртiбiнен тыс орындарын ауыстырып, өзгеше тiркестер құру.
Фигураның бiр түрi –сөз тастап кету, яки эллипсис (гр.ellepsis түсiрiп
тастау, аттап айту) сөйлем iшiнде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсiнiктi кейбiр сөздердi əдейi жазбай тастап кету.
Фигураның тағы бiр түрi – егiздеу яки параллелизм –екi ұдай нəрсенi құбылысты, ұғымды, сезiмдi қатар қойып, жұптап суреттеу.

            1. Тіл көркемдігі мен сұлулығы. Стилистика. Көркем шығармалардың тілі. Көнерген сөздер, диалектизм, жаңа сөздер. Инверсияның поэзиялық және прозалық шығармалардағы қолданылу ерекшелігі.

Әдебиеттегі тіл көркемдігі мен сөз сұлулыгы жасанды жалт-жұлтта, күлдібалам бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдығында, нақтылығы мен тазалығында жатады.
Әдеби шығарма тілі немесе Көркем әдебиет тілі - көркем әдебиет шығармаларының тілі, өмір шындығын бейнелеуші, әйгілеуші, мінездеуші. Сөз құдіретімен көркемдік шындыққа айналдыратын, ұлт тілінің эстетикалық қызметін үздіксіз жүзеге асырып, шығармашылық мүмкіншілігін көрсететін, стильдік, сюжеттік, жанрлық ерекшеліктерден қайталанып отыратын, ортақ сипат, белгілерден құралатын тілдік жүйе.
Инверсия – сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын фигураның бір түрі. Поэзияда да, прозада да қолданылады. Мысалы, “Сен құрметте оны. Түсіндің бе, қарағым. Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын” (Ә.Сәрсенбаев). Қазақ жазушыларының ішінде инверсияны Ғ.Мұстафин жиі пайдаланды: “Сапардың Аманы ... шаңқан боздың басынан аса секірердей, еріне көтеріле, ұмтыла берді алға...”.



            1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет