1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Әдеби тек ұғымының күрделі болмысы. Жанр жіктемесінің сипаттамасы. Абайдың қара сөздерінің жанрлық ерекшелігі



бет13/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2

Әдеби тек ұғымының күрделі болмысы. Жанр жіктемесінің сипаттамасы. Абайдың қара сөздерінің жанрлық ерекшелігі.

Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де бір ізге түсе қоймағанын көрсетеді. Классицизм тұсында жанрларды жіктеу айқын болса, модернистік әдебиет тұсында Батыс Еуропада кейбір жанрлардың құлдырауына байланысты жанрлық жіктеуді жоққа шығаратын көзқарастар да кездесті. Кез келген жанрдың өзінің өрістеу, өркендеу, құлдырау кезеңдері бар. Кейбір жанрлар белгілі бір тарихи дәуірлерде өркендеп, дамыса, кейбірі жоғалып отырды. Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.

              1. Эпос жанрының шығу тегі. Лирика жанры туралы. Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Драма жанры жайында. Шартты түрдегі қосымша тектер.

Эпос (грекше ероз—баян, әңгімелеу, тарихтап айгу) — көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі.
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б.
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драматургиялық жанрлар іштей түрлерге бөлінеді. Мысалы: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, трагедия, мелодрама, трагикомедия, мюзикль, моралите т.б түрлері бар.


10 емтихан билеті





                1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет