1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары



бет1/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2




1 билет



  1. Әдебиеттану ғылымы және оның салалары.

Әдебиеттану — көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. 
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды.
Әдебиет тарихы – жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қалай қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді.
Әдебиет сыны өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне араласып, әдеби туындыны жан-жақты талдайды, оның идеялық-көркемдік құнын белгілейді, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтайды.



  1. Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері. Әдебиет және эстетика.

Әдебиет теориясы – әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Әдебиет теориясы — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетикалық қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Үшіншіден әдеби шығармалардың көркемдік-эстетикалық сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Төртіншісі әдебиет рухани-эстетикалық құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет