1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Әдебиеттегі тек пен түр. Жанр, оның түрлері. Әдеби жанрлар теориясы. Эпикалық шығарма ерекшеліктері



бет14/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2

Әдебиеттегі тек пен түр. Жанр, оның түрлері. Әдеби жанрлар теориясы. Эпикалық шығарма ерекшеліктері.

Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады : әдебиеттің тектері және әдеби шығарманың түрлері.
1) Әдебиеттің тектері -эпос, лирика, драмма. 2) Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, коммедия, трагедия т. б.
Мысалы, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге – повесть, поэма; ал кең көлемді эпикалық түрге - роман, эпопия тәрізділер жатады.Сонымен, әдебиеттің тектері(эпос,лирика,драмма)үшеу де, жанрлық түрлері сан алуан.
Көркем шығармаларды тегіне қарай және бітімі тұлғасы, өмірді бейнелеу өзгешелігі жағынан жіктеп-ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан.
Эпос(грек тілінен epos-баяндау,әңгімелесу, тарихтан айту) көркем әдебиеттің байырғы , негізгі тектерінің бірі. Өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін , адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып , жан-жақты танытатын күрделі жанр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені - эпостық шығармалар. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді.

Эпостық шығарманың арқауы автор үшін жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес,бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі , тарихи тағдыры мен ұлттық заңдылықтары.Адамдардың көңіл күйінен туатын лирика мен қимып әрекетіне негізделетін драммадан эпостың айырмашылығы - шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Эпостардағы басты нәрсе- оқиға.Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кенінең баяндалады,оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілігі толық жинақталады ,ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі ,жасалған әрекеттер тұтас бейнеленеді,адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.





                1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет