1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Жазушы Рамазан Тоқтаров шығармашылығы. Оның соңғы «Бітеу жара» романы. Романның жазылу стиліндегі тың ерекшеліктер мен соны жаңалықтар



бет24/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2

Жазушы Рамазан Тоқтаров шығармашылығы. Оның соңғы «Бітеу жара» романы. Романның жазылу стиліндегі тың ерекшеліктер мен соны жаңалықтар.

Жазушы , Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рамазан Тоқтаров 1935 жылы 13 қаңтарда Павлодар қаласында туған . Алматыдағы шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірген.
Адам, замандастың рухани өмірі, ұлттық мүдделер, достық пен дұшпандық, жақсылық пен жамандық, отбасылық әлем, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлық пен мораль және тағы басқалар Р. Тоқтаров шығармаларының өмірлік және алаңдатарлық тақырыбына айналды .Автор жасанды жоғары пафостың алдын ала білді. Ол – өз кейіпкерлерін сүттен аққа, судан таза ұстау үшін ұмтылған жоқ. Еңбекқор жазушы тынымсыз ізденіс үстінде болды. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан кейін дана Абай туралы тақырыпқа батыл барып, «Абайдың жұмбағы» романын жазды. Абайды жаңа бір қырынан ашып, кейінгі ұрпаққа даналықты насихаттады. «Бітеу жара» романында М. Әуезовтың «Абай жолы» романымен «Абайдың жұмбағы» романындағы кейбір айырмашылықтарды автор өзі айтып кетеді. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында барлық надандық, қараңғылықты өз халқының басына үйіп-төгіп береген себебін де аңғартады. Шығарманың тағы бір айрықша ерекшелігі – тарихи деректер мен тарихи дерек көздерін шығарма арқауына қосу. Автор өзінің шығармашылық қиялы, көркемдік концепциясы мағынасында жоғары көркемдік объектіге ие екендігі айқын.



  1. Жазушы Шерхан Мұртазаның тәуелсіздік тұсындағы шығармашылығы. «Елім саған айтамын, Елбасы сен де тында» атты журналист Камал Смайыловпен бірлесіп жазған эпистолярлық туындысы.

Азаматтық бағыты айқын, ұлттық психология мен ұлттың рухани әлемін терең түсінетін, ел болашағын айқын бағдарлайтын жазушы — публицистердің көш басында Халық жазушысы Шерхан Мұртаза мен журналист-жазушы Камал Смайыловтар тұр. Олардың өмір, еңбек жолы қатар, жазушылық шеберліктері ауқымды. Зерттеуде аталмыш авторлардың республикалық “Егемен Қазақстан” басылымында жарияланған “Хаттары” (кейіннен “Елім, саған айтам, Ел басы, сен де тыңда” деген атпен жинақ боп шыққан) мен 2000-2002 жылдары “Егемен Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” және “Жас Алаш” газеттерінің беттерінде жарық көрген мақалаларында адам сезімі мен эмоциясының тілдік тәсілдер арқылы бейнелену шеберлігі басқа ақын-жазушылардың көркем публицистикасының тілімен салғастырыла отырып талданды. «Елім саған айтам, елбасы сен тыңда» аттты Камал Смайылов екеуінің хаттарынан құралған кітаптарында елдегі өзекті мәселелерді сынап, қоғамдағыт келеңсіз жайттарды жеріне дейін жеткізіп, түбіне дейін қазып айтқан.


18 емтихан билеті





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет