1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Қазақ ұлттық әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихы



бет26/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2

Қазақ ұлттық әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихы.

Қазақ әдебиеттану ғылымында олқылау жатқан жеріміз – әдебиет теориясы.
1926 жылы Қызылорда, Ташкент қалларында қазақ тілінде тұңғыш рет әдебиет теориясына арналған Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабы жарық көрді. Бұл кітап – қазақ сөз өнерін ғылыми тұрғыда жүйелеген, шын мәніндегі қазақ әдебиеттану ғылымының бастауында тұрған іргелі еңбек еді. Бұл еңбектің антика дәуіріндегі грек өнерін, әдебиетін жүйелейтін Аристотельдің әлемге әйгілі «Поэтика» трактатынан бір де кем емес. Амал нешік отызыншы жылдардағы Сталиндік репрессия ғұлама ғалымның тағдырын қиып кетті. Ғалымның өзімен бірге оның асыл дүниесі «Әдебиет танытқыш та» сұм заманның жеті қат қара сандығына құлыпталды.
Есмағамбет Ысмайылов пен Зейін Шашкиннің «Әдебиет теориясының мәселелері» деген еңбегі де осы кептің аяғын құшты.
«Әдебиет танытқышта» Ақаң қолданған әдебиет теориясының терминдерін пайдаланып, қазақ сөз өнеріне байланысты ғалым ұстанған ғылыми концепцияның қара ізін әрі қарай жалғастырған қазақ тіліндегі кейінгі дәуірлердегі еңбектер Қажым Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы», Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» болып табылады.
Жетпісінші жылдарға дейін жоғары оқу орындарының филология факультеті мен журналистика факультетінің студенттері бірден-бір оқулық ретінде Қажым Жұмалиевтің орта мектепке арналған «Әдебиет теориясын» пайдаланды.
1970 жылы Зейнолла Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері» деген сөз өнерін теориялық тұрғыдан талдап, таразылайтын, толғайтын монографиясы, оқулығы, кейінірек бірнеше рет өңделіп, толықтырылып «Сөз өнері» деген атпен оқулық, монография ретінде бірнеше рет басылып шығып, қазірге дейін пайдаланылып келеді.

  1. Сюжет және көркемдік тартыс. Композициялық бүтіндік.

Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол – эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы. «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. Оның сыры сюжетті шығарманың басым бөлігі аса маңызды қоғамдық конфликтілерді көркемдік тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер жасаған біртұтас өмір көрінісінің ішінде бейнелейді. Сюжет шығарма стилімен, көркем дүние құрылымның ортақ заңдылықтарымен тығыз байланысты. Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі, тартып жату себебі де соған байланысты. Тартыс – (латынша конфликтус) – қақтығыс, айқас деген мағына білдіреді. Ол өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысында жинақталып, суреттелуі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет