1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет8/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте - бірте төмендеуі, сондай-ақ оларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатында осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударым болып табылады. Оның көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлар бағасына бөлу арқылы амортизация нормасы анықталады. Ол пайыз арқылы беріледі:
H=Ф1-Фж*100℅
Ф1•Т
Мұндағы: Ф1 - негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны Фж - жойылған негізгі қорлардың құны Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативті қызмет ету уақыты),жыл
2.Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар.Шығындардың түрлері. Фирманың шығындарын барынша азайту мәселесі.Фирманың табыстары және оның түрлері.
Шығындар және өндіріс шығындары ұғымы экономикалық теория ұғымдарының ішінде ерекше, аса маңызды рөлді атқарады, өйткені олар бәсекелестік ортада фирма қызметінің тағдырына, оның көлеміне, болашақ дамуына, және соңында табысы мен пайда мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Шығындар, ең алдымен өндіріс шығындары туралы теориялық көзқарастар классикалық саяси экономияның негізгі өкілдері А. Смит пен Д. Рикардоның зерттеулерінде кездеседі. Смит абсолютті шығындар тұжырымдамасын, Рикардо салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке бірлігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен байланыстырады.
Трансакциондық шығындар – бұл айырбас сферасындағы шығындар. Бұл түсінікті американдық экономист Д.Коуз еңгізген. Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:
-​  нарық туралы информация іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;
-​  келісімдердің шартын белгілеумен және оларды жасаумен байланысты шығындар;
-​  тауарлардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың белгісін қорғауда жұмсалған шығындар;
-​  заң жүйесінің көмегімен құқықтық тәртіпті қорғауға жұмсалған шығындар;
-​ нарықта ойланбай (опортунистік) жасалған әрекеттерден болған шығындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет