Орташажалпы шығындар (АТС-average total costs) - жалпы шығындарды шығарылған өнім көлеміне бөлгенге тең болады және өнімнің бір данасын өндіруге кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Орташа айнымалы шығындар (АVС – average variable costs) - жалпы айнымалы шығындарды шығарылған өнім көлеміне бөлгенге тең болады. Шекті шығындар (МС – marginal costs) - жалпы шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасымен анықталады және өнімнің қосымша данасын өндіруге кететін қосымша шығындарды көрсетеді Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.
Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:
Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі. TR = P×Q. Мұнда, TR (total revenue) – жалпы табыс; Р (price) – тауардың бағасы;Q (quant) – өнім көлемі.
Орташа табыс – өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады: AR = TR / Q. Мұнда, AR (average revenue) – орташа табыс.
Шекті табыс – өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады: MR = ∆ TR / ∆Q. Мұнда, МR (marginal revenue) – шекті табыс.
3.Тұрғындар табысының артуынан смартфон және нанның сұраныс қисығы қалай өзгереді? Тұрғындар табысының артуынан смартфонның сұраныс қисығы артады, ал нанның сұраныс қисығы тұрақты өзгермейді
5 билет Экономикалық теорияның әдістері. Экономикалық процестердің танымдық әдістері.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде Диалектикалық әдіс қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Диалектикалық әдіс-экономикалық құбылыс пен процестің дамуы тұрғысынан, жай түрінен күрделі түріне.