1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары


билет Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті тұрпаты. Экономикалық өсудің модельдері



бет45/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

31 билет

  1. Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті тұрпаты. Экономикалық өсудің модельдері.

Экономикалық өсу өзінің қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі аса маңыздылығымен соңғы үш жүзжылдықтың ғалымдарымен зерттелуде. Кейбір экономистер экономикалық өсуді өнім мен өндірістік фактордың сандық қана емес, сапалық өсуінен көреді. Экономикалық өсудің үш типі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас.
Экстенсивті өсу – қосымша өндіріс факторын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
Интенсивті өсу – техника мен технология толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
Аралас өсу – өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторын пайдалану санының өсуі және техника мен технологиялық жетілдірілуі.
Классикалық мектептің негізін салушы А. Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеулер» еңбегінде XVIIIғ. соңында-ақ, экономикалық өсудің негізгі факторларын атаған болатын: еңбек бөлінісі процесі, капиталдың қорлануы және техникалық прогресс.
ХІХғ. басында осы мектептің келесі көрнекті өкілі ағылшын экономисі Д. Рикардо экономикалық өсудің басқа тұжырымдамасын ұсынды. Оның мәні кемімелі қайтарым қағидасына негізделген Д.Рикардо: «жерге қосымша инвестиция салымының өсуі жерден алатын экономикалық өсудің кідірісін туғызады» - деген.
ХХғ. ортасында экономикалық өсудің жаңа неоклассикалық моделі қалыптасты, оның негізін Роберт Солоу және Тревер Свон қалаған. Олар экономикалық өсуді жетілген бәсеке жағдайында қайтарымның кему заңын есепке ала отырып сипаттайды.

  1. Әлемдік валюта жүйесінің құрылымы және мәні.

Әлемдік валюта жүйесі – валюталық қатынастарды ұйымдастырудың және реттеудің мемлекетаралық келісіммен баянды етілген нысаны.Әлемдік валюта жүйесі атқарымының сипаты мен тұрақтылығы оның құрылымдық қағидатының дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына, күштердің орналасуына және жетекші елдердің мүдделеріне сәйкес келуі дәрежесіне байланысты.Осы шарттар өзгергенде Әлемдік валюта жүйесі дүркін - дүркін дағдарысқа ұшырап отырады.Әлемдік валюта жүйесі ғалами әлемдік шаруашылық мақсаттарды көздейді. Олар: халықаралық айналымды сенімді төлемдік және есептесу қаражатымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету; халықаралық валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығын және валюталық тетіктің әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерге және әлемдік орталықтар күштерінің ара салмағына икемділікпен бейімделу. Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйесімен тығыз байланысты.Әйтсе де ұлттық валюта жүйесінің Әлемдік валюта жүйесінен міндеттері, атқарым және реттеу қағидаты, жекелеген елдердің экономикасына және әлемдік шаруашылыққа ықпал етуі жағынан өзгешеленеді.Бұл байланыс пен айырмашылық олардың элементтерінде көрініс табады.Әлемдік валюта жүйесі алғаш рет 19 ғасырда өздігінен қалыптасып, 1867 жылы Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заң жүзінде ресімделді.Онда алтын әлемдік ақшаның бірден бір нысаны деп танылды.Ұзаққа созылған валюталық аласапыраннан кейін 2 Әлемдік валюта жүйесі 1922 жылы Генуэ халықаралық экономика конференциясында үкіметаралық келісіммен ресімделді.2 дүниежүзілік соғыстан кейін Бруттен Вуд келісімі негізінде 3 Әлемдік валюта жүйесі құрылды.Бұл келісім Бреттен Вудтта өткен валюталық қаржылық конференцияда (1944 жылы) қабылданды.

  1. Егер 1994 жылы баға индексі 150%, ал 1995 жылы 180% болса, онда инфляция қарқыны қанша болады?

P-ағымдағы кезең бағасының индексі
P0-өткен кезең бағасының индексі
инфляция қарқыны=(P-P0)/P0 * 100% =(180%-150%)/150% * 100%=20%=1/5=0,2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет