Нарық құрылымы, нарық түрлері және олардың экономикалық белгілеуі, тауарлық топтары, кеңістік белгілері, бәсекелестікті шектеу деңгейі бойынша классификациясы
36 билет Нарық құрылымы, нарық түрлері және олардың экономикалық белгілеуі, тауарлық топтары, кеңістік белгілері, бәсекелестікті шектеу деңгейі бойынша классификациясы.
Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады: Ақпараттық қызмет; Делдалдық қызмет; Баға белгілеу қызметі ; Реттеушілік қызметі; Санациялық қызмет. Рынок түтастай алғанда, бай ж/е күрделі құрылым ретінде сипатгалады. Оны әр түрлі белгілері мен критерийлері бойынша жіктейді: 1.Объектілердің нарықтық қатьнастарының экономикалық багыты бойынша: тұтыну тауарлары мен қызметтерінің рыногы; өндірістік бағыттагы тауар рыногы; ноу-хау рыногы; шикізаг рыногы; еңбек рыногы; Бағалы қағаздар рыногы жэне т.б.; 2.Географиялық орналасуы бойынша: жергілІкті рынок; ұлттық рынок; әлемдік рынок. 3. Салалык бағьптары бойынша - автомашиналар, мүиай, компьютерлік және т.б. рыноктары. 4. Сату сипаттамасы бойынша - бөлшек жэне көтерме сауда рыноктары. 5. Бәсекелестікті шектеу дәрежесі бойынша - жетілдірілген бәсекелестік рыногы жэне жетілмеген бәсекелестік рыногы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық).
Барлық жүйелер сияқты, рыноктың инфрақұрылымы болады. «Инфрақұрылым» термині XX гасырдың басында әскери күштердіц қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, кұрылыстар меи объектілерді белгілеу үшін бірінші рет қолданылған. Батыста 40-жылдары инфрақүрылым дегенді материалдық өндірістің қалыпты қызмет етуіне мумкіндік беретін салалардың жиынтыгы ретінде түсіне бастады. Сондай-ақ, инфрақұрылым - бұл кез келген тұтастай экономикалық жүйеиің міндетті құрамы. «Инфрақұрылым» сөзі осы жүйеиің ішкі құрылысындағы негізі, іргетасы. Рынокқа қолданылатын инфрақүрылым осы қатыиасгарды бір түтастыққа ұластыратын жэне рынок жуйесінің субъектісінің арасындағы тауарлық-ақшалық қатынастарды түзейтін ұйымдастыру нысанының жиынтьпы. Рынок инфрақүрылымы - әр түрлі рыноктың қызметін қамтамасыз ететін қызмет және мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар, үйымдар мен мекемелердің жиынтыгы. Ол рынок құрылымына сәйкес жіктелінеді. Тұтастай рынок инфрақұрылымын жиынтық ретінде көруге болады: тұтыну рыногының инфрақұрылымы (сауда жүйесі, қойма шаруашьшыгы, өнімдерді сақтаудың әр түрлі жүйесі, көлікпен тасымал, жеткізу, тауарлық биржа, көтерме сауда рыногы, тұрғындарга тұрмыстық қызмет көрсету); өндіріс рыногының инфрақүрылымы (тауарлық-шикізаттық биржа, брокер кеңсесі, лизингтік жэне факторингтік операңиялар, гылыми-зерттеу орталыкгары); еңбек рыногының инфракұрылымы (еңбек биржасы, мемлекетгік еңбекпен қамтамасыз ету қызметі, дайындық, қайта дайындау және кадрлардың мамандығын котеру жэне көшу үдерістерін басқару құрылымы); қаржылық-кредиттік рыноктың инфрақұрылымы (коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, қор биржалары); ақпараттық инфрақұрылымдар (халық шаруашылығы бойынша жинақты деректер, рынок инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық желі, маркетингтік қызмет, жарнамалық-ақпараттық қызмет).
Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі.
Несие деп мерзімділігі, қайтарымдылығы және пайыздың төленуі жағдайында ақшалай немесе тауарлық нысанда берілетін қарызды айтады. Несиелік келісім – бұл төлем мерзімі кешіктірілген сату-сатып алу қатынастары. Несие берудің мақсаты болып табыс алу табылады.
Несие жүйесі – бұл несиелеу нысандарының және әдістерінің, несиелік қатынастардың жиынтығы, яғни несие жүйесі банктік, коммерциялық, тұтынушылық, мемлекеттік және халықаралық несиелер арқылы көрініс табады. Несие жүйесі несиелеудің негізгі принциптеріне сәйкес, ақша қаражаттарын жасаушы, жұмылдырушы және ұсынушы несиелік институттардың жиынтығын сипаттайды.
Несие жүйесі банктік жүйеден және банктік емес қаржы-несие институттарынан құралады.
Қазіргі уақытта, несиенің кең тараған нысандары бар:
1. Коммерциялық несие тауарды төлем мерзімін кейінге қал ды-рып сату кезінде орын алады.
2. Банктік несие банктердің кәсіпкерлерге және басқа да қарыз алушыларға қарыз ретінде беретін ақша қаражаттарын білдіреді.
3. Мемлекеттік несие – мемлекеттің халыққа пайызбен немесе мақсатты түрде пайызсыз түрінде беретін қарыздары мен қазыналық міндеттемелері.
4. Тұтынушылық несие.
5. Халықаралық несие.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде несие берудің жаңа нысандары пайда болды. Оларға лизинг, факторинг және фарфейтинг жатады.
Лизинг – машиналарды, құрал-жабдықтарды және басқа да материалдық құралдарды ақшалай емес формада жалға беру. Кейіннен, жалға берілген құралдардың құны бірте-бірте төленіп болған соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады.
Факторинг – бөтеннің қарызын сату-сатып алу немесе сенімхат арқылы коммерциялық операциялар жүргізу. Бұл жерде банк фирманың «дебиторлық есеп-шотын» қолма-қол ақшаға сатып алады, кейін фирманың сатқан тауары немесе көрсеткен қызметін нақты сатып алушыдан қарызды өндіріп алады.
Фарфейтинг – қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг, қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жыл аралығын қамтиды.
Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операциялар арқылы соларды орналастырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:
-І дәрежеде – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;
-ІІ дәрежеде- мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері: -мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;
-Қазақстан Республикасының ақша несие жүйесін басқару;
-Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;
-Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;
-Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;
-ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;
-Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;
-Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету
Елдің жабық экономикасы мынадай деректермен сипатталады:
ЖҰӨ-5000, Жалпы инвестициялар – 600, Таза инвестициялар-90, Тауарлар мен қызметтерге мемлекеттік шығындар-900, Бизнеске жанама салықтар -150. Табу керек: Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) , ұлттық табыс (ҰТ) және тұтыну шығындарын есептеңіз.
ТҰӨ = ЖҰӨ – А = ЖҰӨ - (жалпы инвестиция – таза инвестиция)= 5000 - (600 - 90) = 4490
ҰТ = ТҰӨ - жанама салық = 4490 – 150 = 4340
С = ЖҰӨ – I – G – (X - M) = 5000-600-900 = 3500