1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары


билет Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы айналым. Инвестициялар



бет52/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

37 билет

  1. Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы айналым. Инвестициялар.

Капитал (ағылшынша-бас мүлік, бас сома, латынша-ең басты)-экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде),-тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін-өнеркәсіптік. Кәсіпкерлік капитал деп пайда немесе басқа да пайдалы нәтиже алу мақсатында жаңа кәсіпорындарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарды қайта құруға инвестициялық ресурстарды салуды түсінеді. Толық айналым өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді. Капиталдың ауыспалы айналымы – ақшалай қаражаттың өндіріс пен айналыс аясындағы қозғалысы‚ бұл қозғалыс барысында ол толық айналым жасайды.Капиталдың ауыспалы айналымы дүркін-дүркін жаңарып отыратын процесс ретінде қаралады‚ оның дәйекті түрде авансылануын (өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға‚ еңбекақы төлеуге аванс берілуін)‚ өндірістік тауардың өткізілуін‚ бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды, яки капитал үш сатыдан өтеді:
• бірінші сатыда ақшалай нысаннан өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады;
• екінші сатыда тікелей өндіріс процесі жүзеге асырылып‚ тауар жасалады;
• үшінші сатысында тауар сатылады (ол аяқталған бойда капитал қайтадан ақша нысанына ие болады).
Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

  1. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері.

Циклдік толқулар бұл нарықтық экономика жағдайында іскерлік белсенділіктің үнемі үздіксіз ауытқып отыруы. Өндірістің өсуі ылғи да оның құлдырауымен жүріп отырады. Циклділікті басқаша кезеңділік деп атайды. Экономикалық белсенділіктің кезеңділігі нарықтық экономиканың қозғалуы мен даму формасын көрсетеді.Экономикалық әдебиеттерде экономикалық циклдің әртүрлі ұзақтылығы оларды зерттеген ғалымдардың атымен аталады. 
Экономикалық цикл төрт фазадан тұрады:

  • Өрлеу

  • Жандану

  • Дағдарыс

  • Тоқырау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет