1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет9/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

Өндіріс шығындары - бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді.
Фирманың шығындарына деген бухгалтерлік және экономикалық көзқарастар қалыптасқан. Фирма қызметіндегі капитал айналымы өткен уақытпен бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындарды анықтаудың бухгалтерлік бағыты орын алады. Бухгалтерлік шығындар фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады. Сонымен қатар, капитал айналымы фирманың болашағы тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде экономикалық шығындар пайда болады. Экономикалық шығындар фирма қызметінде қолда- нылатын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Айқын шығындар ( бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер.
Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Қысқа уақыт мерзімінде шығындардың әртүрлі элементтері, мысалы, капитал (К) және еңбек (L) өнім шығару көлемінің өзгеруіне әртүрлі ықпалын тигізген. Сондықтан тәжірибеде және теорияда тұрақты шығындар (ҒС) мен өзгермелі шығындарды (VС) бөліп көрсетеді.
Тұрақты шығындар (ҒС – fixed costs) - шығарылатын өнімдер көлеміне тәуелсіз шығындар және олардың ша­масы өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейді.
Өзгермелі шығындар (VС – variable costs) - өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін шығындар.
Жалпы шығындар (ТС – total costs) - өндірістің әрбір нақты деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет