1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет11/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

Ғылыми абстракция әдістің дегеніміз зерттейтін құбылыстың тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау үрдісінде категориялар,ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен үрдістердің жеке-дара жинақталғанын білдіреді. Ғылыми абстракция әдісі-зерттеліп отырған құбылыст мардымсыз өткінші жақтарын оқшаулап тұрақты қасиеттерді тауып көрсету үшін.
Әрбір экономикалық жүйенің логикалық әдісі бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Яғни логикалық әдіс-құбылыс пен процксстің пайда болу, даму, өсу жолдарын көрсетеді.
Индукция жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар,үрдістер шығарады. Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады (индукция).
Дедукцияда керісінше,жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің,үрдістердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Өз кезегінде,жалпы баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).
Экономикалық үлгі модельдеу әдісі - әлеуметтік–экономикалық құбылыстарды олардың теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Яғни, экономикалық құбылыстың өзгеру себебін, нәтижесін анықтау, экономикалық процесс болжауға мүмкіндік. Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады.
Талдау және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді.
Талдау-зерттелетін экономикалық процесс немесе құбылысты жеке юөліп, тұтас процесс немесе құбылыс ретінде қарастыру. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс мөлшерін анықтайтын бұл – талдау,
Синтез-зерттелетін құүбылыстың бөліктерін біртқтас ретінде қарастыру. ал Мысалы, сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын бұл – синтез.
Экономикалық теория басқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет