1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет1/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

1-билет.1.ФОНЕТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, САЛАЛАРЫ, ДАМУЫ. ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргзского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162-беттік еңбектің 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тіл, оның дыбыстық және граматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғашқы пікір айтылған. Н.И.Ильминский қазақ тіліндің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, ө, ұ, ү, д , п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады.Н.И.Ильминский а және ә дыбыстарын бір фонема деп қарастырған.
Ы. Алтынсариннің «Киргизская Хрестоматия» оқу құралы 1879 жылы жарыққа шықты. Хрестоматия орыс графикасы негізінде автордың өзі жасаған қазақ алфавитімен басылып шыққандығымен ерекшеленеді. Өз заманы тұрғысынан қазақ баласының орысша сауат ашуына үлкен септігі тиген бұл еңбекте қазақтың сөйлеу тілінің табиғатын дәл бере алмаған.
Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В.В.Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады. Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В.В.Радловтың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұңда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) және 20дауыссыздан тұратынын анықтаған. Дауыстыларды ашық (а, ә, е, о, ө),қысаң(ы, і, ұ, ү),жуан(а, о, ұ, ы),жіңішке(ә, е, ө, ү, і),еріңдік(о, ө, ұ, ү),езулік(а, ә, е, ы)деп жіктейді. Ал дауыссыздарды да іштей қатаң (қ, к, т, п, с, ш),ұяң(ғ, г, д, б, з, ж),үнді(н, ң, м, р)және аралық немесе жарты дауысты (у, й) дыбыстар деп бөлген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет