1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет7/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ. Түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында болады. Дыбыс үндестігі ассимиляция деп те аталады. Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: 1) ілгерінді ықпал; 2) кейінді ықпал; 3) тоғыспалы ықпал.
ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың алдыңғысының соңғысына ықпал етуі. Ілгерінді ықпал заңдылықтары:
1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады. Мысалы, тасты, көппен, шашқа, т.б.
2. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, жалғанатын қосымша да ұяңнан басталады. Мысалы, жұлдызға, сөзбен, т.б.
3. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, жалғанатын қосымша не ұяңнан, не үндіден басталады. Мысалы, шағалалар, шағаланы; егінмен, егінді, т.б.
КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың соңғысының алдыңғысына ықпал етуі. Кейінді ықпал заңдылықтары:
2. Н дыбысына біткен сөзге б және п дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда түбірдегі н дыбысы м болып айтылады. Мысалы, сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, т. б.
3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, ғ, г дыбыстарының алдынан келгенде айтуда ң болып өзгереді. Мысалы, Дүйсенғали – Дүйсеңғали, Сәрсенкүл – Сәрсеңкүл, түнгі – түңгі, сәнқой – сәңқой, т. б.
4. Ш дыбысының алдынан келген с және з дыбыстары айтуда ш болып өзгеріп кетеді. Мысалы, құрылысшы – құрылышшы, сөзшең – сөшшең, таныс шығар – таныш шығар, Бозшағыл – Бошшағыл, Тасшайнар – Ташшайнар,
5. Түбір сөз соңғы з дыбысы кейінгі с дыбысының ықпалынан с болып айтылады. Мысалы, сөзсіз – сөссіз, сазсырнай – сассырнай, жүз сом – жүс сом, жазса – жасса, т. б.
6. Алғашқы сөз з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж болып айтылады. Мысалы, Оразжан – Оражжан, құз-жартас – құж-жартас, көз жазбау – көж жазбау, күз жақын – күж жақын, т. б.
сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
Мысалы: сентябрь – ге, октябрь – ге, апрель – ге, рольдер, рояльға, нульге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет