1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет8/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан – жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:
- мен (-бен, - пен): қалам – мен, ағаш – пен;
- паз: әсем – паз, өнер – паз;
- қор: пәле – қор;
- қой: сән – қой;
- кер: жұмыс – кер;
- дік (-нікі, - тікі): колхоз – дікі;
- кеш: арба – кеш;
- хана: шеберхана
- күнем: пайда – күнем.
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды.
Мысалы: кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.
Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.
Мысалы: депутат-тар-ға, пио-нер-лер-ге, қызмет-ші-лер-ге.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Мұны жинақтап, мына секілді схемамен көрсетуге болады:
1. Жуан дауыстының еріндікке алмасуы: -о - ы -ұ, - ұ - ы - ү
Мысалы: Орын – орұн, құлын - құлұн
2. Жіңішке дауыстының еріндікке алмасуы:
а) ө - і - ұ, ү - і - ү
Мысалы: көрік – қөрүк, күндік - күндүк
б) ө - ее - ө, ү - е - ө
Мысалы: өлең - өлең, күрек – күрөк


2.І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «КӨШПЕНДІЛЕР» ТАРИХИ ТРИЛОГИЯСЫ: ТАРИХИ ШЫНДЫҚ, КӨРКЕМДІК ШЕШІМ
Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек.Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі “Көшпенділер” трилогиясы еді. “Көшпенділердің” ең алғаш жазылған бөлігі “Қаһар” 1969 жылы“Жазушы” баспасынан жарық көрді. Орыс тілінде тұңғыш рет “Простор”журналының 1970 жылғы, 5,6 сандарында “Хан Кене” деген атпен жарияланған.Трилогияның бірінші кітабы болып табылатын “Алмас қылыш”романы тұңғыш рет 1971 жылы “Жазушы” баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. 1974 жылы Москваның “Молодая гвардия” баспасынан“Загаворенный меч” деген атпен орыс тілінде басылып шықты. Тарихи трилогияның екінші бөлімі “Жанталас” романы бірінші рет 1974 жылы “Жазушы” баспасынан шықты. Роман орыс тілінде тұңғыш рет “Простор” журналының 1973 жылғы 7, 8, 10 сандарында “Отчаяние” деген атпен басылды. Москваның “Известия” баспасынан 1974 жылы орыс тілінде шықты. Үш роман біріктіріліп “Көшпенділер” деген атпен алғаш рет 1976 жылы “Жазушы” баспасынан қазақ тілінде,
Москваның “Советский писатель” баспасынан 1978 жылы, “Художественная литература” баспасынан орыс тілінде басылды. Трилогияны орыс тіліне аударған – Морис Симашко. Сондай-ақ “Көшпенділер” трилогиясы 1983 жылы Польшада 1986 жылы Венгрияда басылды. “Көшпенділер” трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, ХҮ-ХІХ ғасыр аралығындағы қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. Оқиға бүгінгі шекаралық аймақ тұрғысынан қарағанда Алтайдан Атырауға дейінгі шығыс пен батыс аралығы Батыс Сібір ойпаты мен Самарқанд пен Сырдарияға дейінгі солтүстік пен оңтүстік аралығын қамтитын географиялық аймақта өтіп жатады.
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізінен тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.
“Көшпенділер” трилогиясы партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсынуы жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.
Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын тұтынған.
“Қаһар” – “Көшпенділер” трилогиясының 3-ші кітабы. Автордың алғашқы кітаптан бастамай, трилогияның соңғы бөлігі “Қаһардан” бастауында мынадай себептер бар секілді. Біріншіден, суреттеліп отырған кезең біздің дәуірімізге біртабан болса да жақын, тарих тасасына дидарын жасырып үлгермеген. Екіншіден, ел ішінде ізін суытпай аңызға айналып, халық жадында жатталып, жазылып қалған тарихи оқиға мен нақты адамдар тағдыры авторды қызықтырған.
Сондықтан соны жазуды діттеген. Үшіншіден, Кенесары, Наурызбай қозғалысы туралы осы ғасырдың 30-50-жылдары біршама зерттеліп,
ғылымда бағасын алған еді. Сонымен қатар ол жайында жазылған еңбектерді саяси орын түгел отқа жаға алған жоқ. Яғни қолына түсіп, жинақталған материалдар жазушыны шабыттандыра түскені шындық.
Бұдан соң автор көп ұзамай трилогияның бірінші кітабы “Алмас қылышты” (1971) жарыққа шығарды. Ортадағы дәуірді орағытып
оқырман көңіліндегі дүдәмал сұрақтардың жауабын беретін қазақ хандығының отау тігіп, қалыптасу кезеңін бейнелейтін дәуірді ХҮ
ғасырға аттап кетуі тегін емес. Бұл орайда оқырманды эстетикалық ләззатпен еліте отырып, оларға танымдық ғибрат беру автордың негізгі ойы еді.
“Жантасал” романында “Алмас қылыш” пен “Қаһар” романдарында суреттелген тарихи кезеңді жалғастыратын аралық дәуір оқиғаларын шежіреленген. Сөйтіп, қазақ халқының бес ғасырға жуық тарихының (ХҮ-ХІХ) көркем хроникасын жасаған. Сол арқылы
өзінің қаламгерлік үлкен арман-міндетін І.Есенберлин қазақ халқына өзін-өзі таныту, жас ұрпаққа өткен ата-бабалары жөнінде мағлұмат беру мақсатын орындап шықты.
Автор хандық дәуірге лайық тақ таластарын әр қырынан ала отырып, шығармасын жалаң, жасанды тап тартысына құрудан бой тартады. Керісінше, қазақ халқы өміріне тән рулық тартыстың астарларын ашуға тырысады. Есенберлин трилогиясында Асан қайғы, Бұқар, Нысанбай сияқты атақты жыраулардың, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды тарихи тұлғалар, аттары бүкіл қазаққа мәлім билердің, ондаған
өнер адамдарының жарқын бейнелері қатар түзейді.
“Алам қылыш” пен “Жанталас” негізінен “Қаһарда” суреттелген кезеңге дейінгі тарихи оқиғалар баяндалған.
Әлемді тітіреткен Дешті Қыпшақтың Әбілқайыр ханның (ХҮ ғасыр) кезінде ішкі сыртқы күштердің әсерінен әлсіреп, ыдырай бастаған кезі, оның іштей ыдырап жеке хандықтарға бөліне бастаған алмағайып шағы “Алмас қылышта” қым-қуыт оқиғалар тізбегі арқылы суреттелген.
Алғаш Керей, Жәнібек хандар бас болып шаңырақ көтерген қазақ хандығы да оңай бой түзеп кете алған жоқ. Өздеріне ерген елдің іргесі бекіп, өрісі кеңеюі үшін Керей мен Жәнібек сұлтандарға талау азулы ел билеушілермен ырғасып, жаға жыртысуға тура келді. Орта Азияның ұланғайыр жерін тоқымдай тілгілеп жеке-жеке иемденген шағын
хандықтармен алысу, көшпелі алтындай біресе ол жағына, біресе бұл жағына ауысқан көне қалалар мен шұрайлы жерлер елді талай сынға
салып, тезден өткізді. Сондықтан да “Алмас қылыштағы” оқиғалар желісі тым қою, сюжеттік желісі шытырманды, бұралаңы көп. Алма-кезек ауысқан хан-сұлтандар, олардың арасындағы қым-қуыт соғыстар қаншама. Тарихи зерттеу, архивтік мәлімет, жазба құжат, шежірелік деректермен салыстыра қарағанда, автордың көптеген оқиғаларды іріктеп, Әбілқайыр, Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым сұлтандар айналасына топтастыра жинақтауға тырысқанын байқаймыз. Алайда, автордың деректік мағлұматтарды тым көп кірістіру мақсатынан туындаған олқылықтарды жоққа шығаруға болмайды.
“Жанталас” – Абылай кезеңіндегі қазақ хандығының Жоңғар, Орыс, Қытай елдері тарапынан үш жақтан бірдей қыспаққа алынып ел басына қысылтаяң күн туған шағындағы аса бір қиын кезеңді әңгімелейді.
Роман “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атаумен қалған ұлы қырғын – жоңғар шапқыншылығын сипаттаудан басталады. Халықтың осы азаттық үшін күресінде алғаш батырлығымен көзге түсіп, бірте-бірте көтеріліп ел көсемі болған Абылай ғұмыры халық, ел тағдырымен бірлікте баяндалады. Алайда, Абылайды идеал қаһарман
ретінде көрсетуден іргесін аулақ сала отырып, жазушы ханның күрделі характерін аша отырып, халық тарихының көркем шежіресін жасауды мұрат тұтады.
Өзі сияқты көшпенді халық Жоңғар озбырлығынан елін аман алып шығуға қол жеткізгенмен, Абылай үшін қиындық туғызған батыс пен шығыстағы екі көрші еді. Міне, Абылай осы екі алып көршінің түпкі ойын қалай жүзеге асырмаудың жөнін таба алмай “жанталасады”. Бұл орайда жазушы негізгі шешімді халыққа қабылдатады. Халықтың айнымас қамқоры Бұқар жырау осы қалауды Абылай ханның құлағына әр кез салып, ескертіп отырады. Ол – орыс еліне арқа сүйеу, орыс мәдениетіне қол созу. Осы тілекті ескергендіктен де халық құрметіне ие болады. Автор бұл дүниеден көшіп бара жатқан Абылайдың аузына да осы идеяны өсиет етіп салады.
Тарих оқулықтарында “өз еркімен қосылды” деп түсіндіріліп келген Россия империясына қазақ даласының бағындырылу процесінің қиын да күрделі сипаты “Жанталас” романында Әбілқайыр, Барақ, Абылай сияқты әр түрлі көзқарастағы ел билеушілердің іс-әрекет, айла-шарғылары арқылы көрініс табады. Қай заманда болсын қатыгез жүйе, қате саясаттан зардап шегетін – халық. Қандай тығырықтан да халық өзін-өзі ғана шығарады.
“Көшпенділер” трилогиясы – хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарма. Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп отырады. Рас, трилогияда жазушының лирикалық шегіністерге, арғы-бергі дәуірлерге ауысып отыратын тұстар да жеткілікті. Ондағы суреттелетін негізгі оқиғалар, басты қаһармандар тарихта болған, белгілі деректерде сақталған. Халықтың келбетін, күшін көрсету, қимылын, іс-әрекетін паш ету сипаты “Алмас қылыш” романында Бұрындық ханның әрекеттерін суреттейтін тұстарында айқын көрінеді. Бұл жайды жазушы оған деген халықтың қарым-қатынасын суреттеу арқылы айғақтай түседі.
Мұхамед Шайбани мен Бұрындықтың құда болуына халық сырт айнала қарайды.
“Алмас қылыш” романында жеке адамдардың, кейіпкерлердің өміріндегі тартысы, өсіп жетілуі, оның халықпен сан-салалы байланысында көрсетіліп, эпикалық сипатта баяндалады. Мұндағы оқиғалардың өріс алуы, дамуы тек халық атынан, ел тұрғысынан алып
қозғалады. Керек жерінде халық өзінің күшін, қаһарын, қимылын көрсетеді. Керек болса үкімін де шығарады.
Осы романдағы Әбілқайыр ханның (ХҮ ғасыр) билік мұратының, өзге жұртты билеп төстеудің, империялық саясаттың қай заманда да ұқсас сипаттарын ойыңа салады. Әбілқайыр ойлау деңгейі жағынан таяз емес. Ел билеуде оның ұстанған өз саясаты бар. Қол астындағы елі – алмас қылыш. Оларды қайрап қойып, әр руды бір-біріне айдап салып отырмаса, бірігіп кетсе, бой бермесін ол жақсы түсінеді. Өз мақсатына жету үшін ол нендей сұмдықтан да, зұлымдықтан да тартынбайды. Бірақ ол біреудің қолымен от көсеп, сол зұлымдығы мен
сұмдығын біреу арқылы жүзеге асырады. Жәнібекті, Саянды, Рабиу-Сұлтан-бегімді, Гүлбаһрамды, Орақты, Ақжолды өлтіруге жасаған әрекеттерінен соны айқын көреміз. Хан тұқымына, ел билеушіге кісі
тағдыры ойыншық сияқты. Әбілқайыр заманындағы бұл құбылыс шығарма жазылған дәуірде де солай болды, бүгін де сол сипатта. Жазушы бұл жайды нақтылап та көрсетеді, Әбілқайыр ойы арқылы да сездіреді.
Өз алдына хандық құрып, таққа отығысы келген Жәнібек сұлтан да – терең ақыл, парасат иесі. Ол сол кездегі әлеуметтік шаруашылық жайды дақсы түсінген. Сондықтан да Әбілқайырдың қатесін өз мақсатына пайдалана отырып, ол үлкен іскерлікпен, ақылмен біраз рулардың басын құрып, ақыры қазақ халқының негізін құрады.
Әбілқайырдың өлімі мен сол кездегі Орта Азия қалаларындағы жағдайлар Қазақ хандығының біраз күшеюіне мүмкіндік береді. Ал, Жәнібектің баласы Қасымның тұсында Қазақ хандығы тіпті күшейе түсті.Халық аузында “Қасым салған қасқа жол” деген мәтел бар.
Сыншы халық бұл сөзді басқа хандарға айтпай, Қасымға айтуы тегін болмаса керек.
Жазушы Қасымның түбі ел бастар мінезін жастайынан-ақ таныта береді. Жәнібек көбіне өз баласымен ақылдасатын. Қасым әр кез әр істің, алды-артын жақсы байқап, дұрыс байлам айтады. Оның ақылдылығы, ұстамдылығы романда орынды берілген. Оның уәдеге берік, мәнді мінезі де суреттеледі.
“Жанталас” романының оқиғалық желісін ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қытай, Жоңғар феодалдық агрессияшыл мемлекеттерінің Қазақ хандығына, Қазақ еліне жасаған қысым-қыспағы, қанды жорықтары құраса, тарихи шығармалардың бас кейіпкерлері ретінде қазақ
хандары Тәуке, Қайыпхан, Болат хан, Әбілқайыр хан, Сәмеке, Абылай хан т.б. жан-жақты сипатталған. Қытай, Жоңғар мемлекеттерінің Канси, Сыбан, Раптан, Қалден, Церен, Церен Доржи т.б. соғысқұмар билеушілерінің іс-әрекеттері, жүргізген саясаттары тарихи шындық пен көркемдік болжал ұштаса отырып суреттелген. Олардың қатыгез, қаражүрек істері көркемдікпен қисынды баяндалған.
Қазақ елі тарихының салқар көшінде тағдыры күрделі тұлғаның бірі – ХҮІІІ ғасырда өмір сүріп хандық жүргізген Әбілқайыр. Осы Әбілқайырды да жазушы роман желісінде Әбілмансұрмен бір сәтте, бір дастарқан басында отырған жағдайда таныстырады. Бір заманда өмір сүрген, бірі үлкен, бірі кіші, бір-бірінің жалғасындай болған, бағыт-бағдары, ой-ниеті бірде ұқсас, бірде алшақ көрінетін, есімдері мен ел тағдырына қатысты іс-әрекеттері жайлы екі ұдай пікір қалыптасқан
Әбілқайыр және Әбілмансұр-Абылаймен шығармада осылай кездесеміз.
Әбілқайыр мен Абылай психологиялық жақтан ұштасып барып, екі тармаққа бұрылады. Жазушы Әбілқайыр тұлғасы жайлы талас пікірдің ұшығын тарихи себептермен орайластыра дұрыс шешім шығарады. Әбілқайыр да, Абылай да хандық билікті қолдан шығарғысы келмейді. Алайда Жоңғар мен Қытай шапқыншыларының бұғауынан құтылудың бір-ақ шешімі бар. Әбілқайырдың аузына: “Түбі еліміздің де, келешек ұрпақтардың да көзі жетер, әрекетімізді ақтар,
бізге қалған жалғыз жол – ол Россияның қол астына ену” – деп сөз салуында сол объективті шындықтың бір жағы жатыр. Ал хандық билікті қолдан шығарғысы келмейтінін де автор оның жеке адамдық қасиетіне, психологиялық болмысына байланыстыра бейнелейді.
Рас, Әбілқайыр мен Барақтың жаулығын күшейтудегі орыс чиновниктерінің әрекетін құжаттармен дәйектеу мүмкін емес. Бірақ автор Әбілқайырдың осындай хал кешуінің тарихи шындық екенін жан-жақты ашқан. Әбілқайыр сол кезеңдік үлкен саясаттың құрбаны. Дей
тұрғанмен, таққұмарлық пен жеке бас мүддесі алғашқы кезекте тұратын пендешілік психологиясы меңдеген Әбілқайыр болмысы
арқылы көрінетін адасудың тұманына тап болған тағдырдың, азап тауқыметін өзі емес, өзгелер көбірек тартып, зардабын халық шегетін құбылысы кітап жазылған дәуірде де айыға қоймаған тұрпаты І.Есенберлин қалам қуаты арқылы өрнек тартқан. Тарих сабақтастығы, уақыт ұқсастығы, психологиялық сәйкестігі көрініс тапқан. Тарихи шындықтың көркемдік таным қуатымен жанды бейнеге айналған сипатына бойлаймыз.
Қазақ халқының Россия қол астына бодан болмауға шарасы қалмаған сәттің бір ұшығы осы алауыздық пен бақталастықта жатқандығын ескертеді. Тарихи шындық тұрғысын зорлап мойындататын кей сәттердің себеп-салдары, түп-төркіні жеке психологиялық ой-мақсаттардың арпалысы мен шарпысуында
жататындығын меңзейді
Бұл отарлауды жаңа үлгіде жалғастыру екенін зиялы топ білді. Алайда, ашық айтуға дәрмен жоқ. Өз ішімізде де мұндай араздық пен таққұмарлық бар екенін көре білген жазушы осы бір дерттің зиянды сипатын тарихи өткен көрінісін бейнелеп беру арқылы ұрпақ зердесін оятуды, тарихтың кесапатты тағлымын айта отырып өз дәуірін танытуды көздеген. Ұлт ретінде жойылып кету қаупін ескертеді. Отар болу емес, одақтас боламыз деген сенімнің соңы тәуелді тағдырға ұласу сипатының төркінін еске салады. Шығармада тарихи шындық осылай бой көрсетеді.
Осы бір азаттық-еркіндік үшін, тәуелсіздік үшін күрес Россия құрамына әбден бағынып, құзырына қаралғаннан кейін де тоқталған
жоқ. Қазақ қоғамының 18-ғасыр бедерін суреттейтін “Жанталас” романында осы “жанталас” күрес көрініс береді. Тіпті бұл күрес күні бүгінге дейін тоқтаған жоқ.
Бұл кезеңдегі қайраткерлердің ішінде оқшау тұрған тұлға Абылай болды. Қазақ халқының соңғы рет басын құрап, Жоңғар, Қытай басқыншыларына тойтарыс берген кезеңнің шежіресі және сол тарихи дәуір оқиғасының басында тұрған Абылайдың билік кезеңі
“Жанталастың” үшінші бөлімінде суреттеледі.
Халық аузында көп айтылып келген Абылай хан есімі кеңестік кезең тарихында қайшылықты тұлға ретінде бағаланып ел санасынан шығарылды.
Міне, осындай қытымыр саясаттың қырағы бақылауында тұрған хан Абылайдың тарихи тұлғасын сұңғыла сана, тұңғиық ойдың икемімен елдің есіне түсіріп, коммунистік көзқарас, партиялық саясат құрсауы қамаулап тұрған заманның өзінде халыққа танытқан Ілияс
Есенберлин болды.
Шапқыншылық емес, негізгі мақсат басқыншылқтан қорғану боп келетін дәуір бейнесі жасалған “Жанталас” романында Абылай әр қырынан суреттеледі, сан түрлі мінез, қасиетімен көрініс табады. Романның “Жанталас” аталуы да сондықтан.
Романның бас кейіпкері – осы жанталас кезеңінде елге бас болған Абылай. Рас, кешегі коммунистік идеологияның ызғарынан қаймығып, “қырағы көзінен” сақтанған әдебиетшілер басты тұлға “халық” деп келді. Халық зердесін қайта қалпына келтіріп, ұрпақ санасын оятуға қызмет істеуге тиіс ұлы эпопеяны сақтап, қорғап қалудың бірден бір жолы еді бұлайша пайымдау.
Абылай табанды күрескерлігінің, айтқанынан қайтпайтын батырлығының және халық талайы таразыға түскенде сын сағатта
ешкіммен де ымыраға келмейтін қатал, қатыгездігінің арқасында қазақ елінің, жерінің бостандығын қорғап қалды. Әл үстінде ауырып жатқан, Абылай Бұқар жырауға айтқан: “...Менің кеңесіммен жүрер ұл-қыз болар ма екен? Сөйтсе де екі кеңесім бар. Бірі – қазақ аз ел ғой, азып- тозып кетпес үшін, қолдарынан келсе солардың бірлігін сақтасын.
Бірлігі бар елді басқару жеңіл. Екінші айтарым, мен елу жылдан астам соғыс жүргіздім. Жетпіске келген жасымда, мейлі айла құрайын,
әйтеуір шығыс жағымнан келген жауға, әсіресе Қытайға қазақтың бір бөлшек жерін бергем жоқ” (І.Есенберлин. 10 томдық. 6-т., 592-бет.)
деген жолдардан Левшин айтқан жоғарыдағы мінездеме сырын емес, көркем болжал арқылы өрілген жазушы түйіні мен тарихи таным сипатын көреміз. “... қазақ аз ел ғой азып-тозып кетпес үшін, қолдарынан келсе солардың бірлігін сақтасын” – деген Абылай сөзі мен “Алмас қылышта” суреттелетін “Жалғанда не қиын, қазақтың ру таласын шешу қиын. Бірақ оны шешудің қандай қажеті бар? ... – Өткен тарих бейнесінен қазіргі заман келбеті көрінеді, сабақтастық сараланады, ұқсастық ұғылады. Халықты басқарудың жеңіл жолы Әбілқайыр үшін “біріне-бірін бақтырып қойып” азып-тоздыру арқылы болса, Абылай діттеген өмір сабағы бойынша “азып-тозып кетпеу үшін ел бірлігін сақтау екен”. Қай-қай кезде де ел басында, мемлекет тұғырында жүрегіне ұлттық сезім ұялап, бойына ұлттық сана сіңген, ойын ұлттық патриотизм кернеген, жадында халық тарихы орын тепкен, бар күш-жігерін, парасат-білімін, ақыл-зердесін шын таза гуманистік идеямен көмкере біліп, өзі басында отырған мемлекеттің болашағы үшін, сол мемлекетті иленетін жер, суын ғасырлар бойы қан төгіп жүріп қорғап келген негізгі халықтың ұлттық тағдыры үшін арнайтын, шын күйінетін адам болмайынша зұлым саясат, сұрқия мінез, жеке бастың қамы үшін ғана күрес қайталана беретінін, жалғаса беретінін ескертіп тұрғандай.
Эпопеяның әр бетінде “Ханның алдауы – халықтың соры болатын” құбылыс екенін есіңе салып, ой жетегіне салатын сөйлемдер жазушы қиялының тұңғиық сырына бойлатады.
Алмағайып заманның аласапыран айқасы, ел азаматтарының келер күндердің шуақты сәті үшін күресі, ақыл мен айланың алма-кезек ауысуы, жан түршігерлік жауыздық үлгілері мен махаббат оты маздаған аяулы тағдырлар, сайын дала төсінің сан жылдық тарихы баяндалатын “Алтын Орда” болмысы осындай. Тарих тылсымына жан бітіріп, жеті ғасырлық ғұмыр әлемін санамен аралап, “қолымен жүріп”
шыққан Ілияс Есенберлин тұлғасы да алып мұхит үстіндегі мұзжарғыш кемедей алыстан мен мұндалайды.


3.ӘДЕБИЕТ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ, ОНЫҢ ҰСТАЗДЫҚ КЕЛБЕТІ.
Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Өйткені мектеп оқушысы осы пәннің талабын орындау үшін әртүрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды. Ол туындылар оқушының жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімінің ұшталып, имандылық қасиеттерінің оянуына септігін тигізеді.
Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады.
Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, көркем шығармаларды оқуға деген ынталарын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы адамгершілікке, парасаттылыққа, сұлулыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін белгілі бір жүйе арқылы әдеби шығармаларды оқытып, талдатып, өзіндік дербес жұмыстарды жүргізіп, ұйымдастырып, машықтандыру іс-әрекеттерін дұрыс жүргізу керек. Әдеби шығарманы оқи отырып, оқушылар ондағы образдар жүйесін, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын ақыл таразысына салып ой елегінен өткізеді, оған өздерінше баға береді. Жазушының бағыт-бағдарын, ой жүйесін, мақсат-мұратын сезінеді, шығарма құбылысының қимыл- қозғалысын, жүрек лүпілін бағдарлай біледі.
Ұстаздық тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі - жетелеуші, алға ұмтылдырушы үлгермеушілерді жақсы оқушылар санатына қосу жолында еңбектенсе, қиын оқушыларды тәрбиелі оқушылар қатарына қосу мақсатында, дарынды оқушыларды биіктен көрсету жолында аянбай тер төгу керек.
Осындай қасиеттер бойынан табылатын ұстаздар, сондай - ақ мәдениетті, сөйлеу мәнері ерекше, сөзге шешен, киген киімі, кескін келбеті сыпайы, көзі бар, көкірегі ояу оқушы алдында үлгі болу керек. Сондықтан қоғамдық даму заңдылығы тұрғысынан ұстаздық түпкі мұраты шәкіртті өз деңгейінде жеткізу ғана емес өзінен озып, ілгері кетуіне негіз қалау болуға тиіс. Халық: «шәкірт ұстаздан озса, игі» деп тегін айтпаған ғой.
3-билет.1.ДАУЫСТЫ ЖӘНЕ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, ЖІКТЕЛУІ. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар(вокализм) туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т.б. зерттеушілердің еңбектерінен атауға болады. Бұл зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны, табиғи ерекшеліктері дәл нақтылап айтылған жоқ. Мысалы, а және ә, е және і дыбыстарының ара жігі ажыратылмай, бірінің орнына бір қолданылды. Сонымен қатар й мен у дауыссыздарының да тілдегі бейнесі айқындалмады.
Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А. Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е»,- деп анықтайды да, ойын әрі қарай дамытып: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады», - дейді де, сөздің алдында дәйекше (араб графикасында қолданылатын белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз», - дейді. Осылай зерттеуші тіліміздегі төрт жуан дауысты және олардың төрт жіңішке сыңары болатынын көрсетеді. Мұнда ол дауыстыларды араб графикасына негіздеген.
Қорыта айтсақ, А. Байтұрсынұлы еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і.
Латын жазуына көшумен А.Байтұрсынұлы көрсеткен дауыстыларымыз жеке-жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан – жіңішке, ашық – қысаң, еріндік – езулік түрде жіктелді.
Белгілі лингвист Қ. Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ый, ійтүрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударады. Ал автордың «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде (1936) бұлар қосынды дауыстылар қатарына енді. Қ.Жұбановтың аталған еңбегі табиғаты әлі толық таныла алмай келе жатқан ұ жәней дыбыстарының тілдегі ерекшеліктерін мүмкіндігінше дәл танытуға тырысты және өзінен кейінгі көптеген зерттеулерге өзек болды.1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қабылдаған қаулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Бұғанға дейін жазуда басшылыққа алынатын фонетикалық принцип морфологиялық принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х, ф, втаңбалары енгізілді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і, и, у, ө дауыстылары нақтыланып, саны 11-ге жеткізілді.1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім қабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақтап жазуға ден қойылғандықтан, дауыстылардың саны тағы да ұлғайды. Осыған орай, С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген мақалаларында қазақ тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э, ю, яәріптері қосылды .Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М. Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» 13 дауыстылар (а, о, ұ, ү, і, э, (е), у, и, я, ю)көрсетеді
1944 жылы Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың педучилище оқушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Мұнда бұрыннан келе жатқан дауыстыларға э дыбысы қосылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. Бұл пікір 1953 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқу құралында да қайталанады.1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекті қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасақ та болады. Мұның фонетика тарауын академик С. Кеңесбаев жазған. Бұл оқулықта қазақ тілінде 11 дауыстылар көрсетіледі. Оның тоғызы монофтонг, екеуі (и,у)дифтонг. Бұл пікірмен келісе отырып, белгілі тіл маманы К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» (1973) атты оқулығында әрі қарай жалғастырады. Тілші қазақ тілінде он бір дауысты дыбыс барын қуаттайды.
Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен қалыптасқан көзқарастарды таразылап, қазақ тілінің табиғатын жаңа қырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Ә. Жүнісбеков «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.Тілші С.Мырзабеков сөздерінің құрамындағы и, у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендейдифтонг та, дифтонгоид та емес, әріп деп қарастырып, олардың әрқайсысы екі дыбыстың ұу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін айтады .Бүгінгіге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбысы бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің әсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын он екі деп көрсетеміз. Олар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Жалаң дауыстыларға мыналар жатады: а, ә, ы, і, ұ, ү.Құранды дауыстыларға жататындар: е, и, о, ө, у.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет