1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Дидактикалық ойындар шығармашылық тапсырмалардың бір түрі ретінде



бет62/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
2.1 Дидактикалық ойындар шығармашылық тапсырмалардың бір түрі ретінде.Дидактикалық ойындар – бастауыш сынып оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыратын, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын ойын әдісінің бір тәсілі. Дидактикалық ойындар арқылы қазақ тілін меңгерту барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуін дамытуға басты назар аударылды. Мұның себебі, оқушыларға тілдің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық заңдылықтары мен ережелерін үйретумен қатар, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында туындап отыр. Сондықтан бастауыш сыныпта ана тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгеру барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:
2.2 Ана тілі сабағында шығармашылық тапсырмаларды қолданудың технологиялары. ХХ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
3 Тәжірибелік бөлім.Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудын мәні зор. Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді:
1) репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі;
2) шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Шығармашылық - төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті:
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, соңылығы. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңа дүние жасауға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылыс жасау деп айтуымызға болады. Шығармашылық жаңа, тың нәрсе ойлап табу немесе жасау деген ұғыммен қалыптасты, бұрынғы белгілі нәрселерді көшіру немесе қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұрыннан белгілі дүниелерді дамытып, жаңаландыру, ерекше қасиеттерін табу – шығармашылыққа тән құбылыс.Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
•оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
•Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
•Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
•Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
•Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
•Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
•Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
•өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
•оқушы дарындылығының моделін білу;
•қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
•дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
•дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
•оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
•дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
•дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
•дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
28-билет.1.БӨГДЕ СӨЗ, ТҮРЛЕРІ, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ. ТӨЛ СӨЗДІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ. ТӨЛЕУ СӨЗ.
Бөгде сөз, оның түрлері жалпы аз зерттелген. Тек ғалым Ә.Әбілқаев бөгде сөзді арнайы зерттеу нысаны етіп алып, тереңірек қарастырды. Сол еңбегінің нәтижесі – бүгін көпшіліктің қолында жүрген, кейін 1956 жылы қайтара жарық көрген «Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз» кітабы. Автор бұл еңбегінде: «Төл сөз құрылысы - белгілі бір дәуірдің ғана жемісі емес, талай замандар бойында қалыптасқан тарихи категория. Төл сөз құрылысы түрік тілдерінің бәріне ортақ ертедегі жазу мұрасы - Орхон-Енисей нұсқаларында, сондай-ақ одан бергі дәуірдегі жазба шығармаларда және халықтың ауыз әдебиетінде кездесіп отырады» (9,4), - деп төл сөздердің қалыптасып, дамуының тарихы сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда жатқанын аңғартады.Орыс тіл білімінде де бөгде сөз барлық дерлік тілшілер еңбегінде сөз болды десе болады. А.Г. Руднев төл сөздің анықтамасын бере отырып, төл сөздер құрамының одағайға, қаратпа сөздер мен модаль сөздерге бай келетінін айтады және олардың төл сөзге экспрессивті-эмоциональды реңк беруде үлесі зор екендігін көрсетеді (46 ,309).Енді бөгде сөздің үш түрі тілімізде белгілі. Олар:1. Төл сөз; 2. Автор сөзі; 3. Төлеу сөз.Төл сөз.Қазақ тіл білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша төл сөз деп жазушының не болмаса сөйлеушінің сөзін ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтады..Қолдану орнына және қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат, диалог түрінде келеді.Цитат, әдетте, саяси әдебиеттерде, ғылыми, публицистикалық еңбектерде қолданылады. Осы цитат ретінде келтірген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының немесе сөйлеушінің өз ойы қоса қолданылады. Ол автор сөзі деп аталады. Автор сөзі. Қолданылу орнына қарай диалог төл сөз көркем әдебиет жанрларында, әсіресе, драматургия саласында кеңінен қолданыладыАл цитат қолданушы автордың пікірін дәлелдеу үшінқолданылады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек ете біліңдер, сонда ғана алға қойған мақсаттарың орындалмақ / «Қаз.әдеб.» газ./.Төл сөз бен автор сөзі арасындағы байланысты қамтамасыз ететін дәнекер –«де» көмекші етістігі. Төл сөз «де» етістігінің арқасында өзінің ішкі дербестігін сақтаса, «де» етістігімен қоса автор сөзі түріндегі сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады. ТӨЛЕУ СӨЗ. Адам, яғни айтушы немесе жазушы біреудің сөзін пайдаланғанда үнемі өзгеріссіз, сол қалпында жеткізе бермейді. Кейде біраз өзгерістер, өз тарапынан қосымша сөздер қосып жеткізуі мүмкін. 1. Төл сөзде сөйлеуші не жазушы бөгде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай жеткізсе, төлеу сөзде ол өзгеріске түсе отырып жеткізіледі. Яғни автор оның бірер сөзін ауыстырады не болмаса бірер сөзінің бастапқы морфологиялық формасын, соған сәйкес синтаксистік қызметін өзгертеді. Кейде өз тарапынан сөздер де қосады.2. Төл сөзбен ілесіп үнемі автор сөзі жүреді. Ол екеуінің жігі айқын білініп, бір-бірінен бөлек, жеке орналасады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін оған тұлғалық өзгерістер енгізудің қажеті болмайды. Ал төлеу сөзде автор сөзі бірге араласып, кейде форма жағынан ауысып кетеді және бөлек тұрмай, бірге, бір сөйлем құрамында келеді.3. Төл сөзді сөйлем айтылу интонациясына, сазына қарай әр түрлі мағынада болып келеді. Олар хабарлы да, сұраулы да, сондай-ақ лепті сөйлем де бола алады.Ал төлеу сөзде мұндай қасиет сақталмайды.Тілімізде төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың бірнеше жолы қалыптасқан.а) Егер төл сөздің баяндауышы ашық райлы етістік болып келетін болса, төлеу сөз де түрлі грамматикалық формалар әсерінен толықтауышқа айналады. «Мен оған жаңадан тағы бір іс бердім»,-деді Мейрам - төл сөз. Мейрам оған жаңадан бір іс бергендігін айтты – төлеу сөз.ә) Төл сөздің бастауышы болған сөз төлеу сөзде ілік септігінің жалғауын жалғап анықтауыштың қызметін атқарады.


2. Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” трилогиясы. Кейіпкерлер бейнесін суреттеудегі тура мінездеу.
Майданнан қайтқан жас офицер Әбдіжәміл туған жерімен қаншама сағынып қауышса, оған деген махаббатын роман жанрының кең байтақ өрісінде шын жүректен жырлап шығуға соншама ынтыққандығын шығармашылығынан айқын аңғартады.
«...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңс аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді»– дейді жазушы.
Жазушының «Қан мен тер» романының дүниеге келу сыры осы сөздерде жатыр. «Қан мен тер» трилогиясын құрайтын «Ымырт» (1961), «Сергелдең» (19б4), «Күйреу» (1970) романдарынан, атының өзінен-ақ байқалып тұрғандай, төбеден жарқырап тұрған күнді аз кезіктіреміз. Ал, жарқырап шақырая қалса, кейіпкерлері тағы бір тозаққа ілінді дей бер. Өзінің бас кейіпкері Еламан тәрізді туынды ұдайы дерлік томырылып, үнсіз-түнсіз тұнжырап түнерген қалпынан жазбайды. Соның өзінде де туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімінің орны бөлек.
Прозашының туған халқына, оның жазира даласына деген сүйіспендігі елінің кең қолтық мінезін, шалқар әнін, салқар көштей шұбатылған тарихын эпостық құзарға көтере суреттеуінен аңғарылады.
«Қан мен тер» трилогиясы – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. Соңғы жетпіс жылғы алтын әдебиетімізді мысқа балағысы келетін қайсыбір неонигилист даңғойлар бұл романға тап күресін жазғандықтан ескірді деп мін де тақты.
«Қан мен тер» трилогиясын қазіргі тәуелсіздік мұнарасынан, демократиялық көзқарас тұрғысынан оқығанда, оның қазақ шындығынан бұра тартқан жерін табылмайды. Қайта коммунистік үстем идеологияға қайшы пікірлерді жолықтырып, «бұны қырағы цензура қалай жіберді екен?» деп қалуға негіз бар.
Романның «Күйреу» аталатын үшінші, соңғы кітабында комиссар Дьяков насихаттайтын болашақ коммунистік қоғамның басты принципінің дұрыстығына Еламан әжептәуір күмән келтіреді.
«...Ол кезде жер басқан адамның бәрі бірдей болады дейді. Жә, жарайды, адам баласының көкірегінде алалық болмас. Осы жұрттың ішер асы, киер киімі, сөйлер сөзі бірдей-ақ болсын. Бірақ құдай бірдей жаратпаса қайтеді? Басқаны қойғанда бір оттың басында бір қазаннан ас ішіп, бірге жатып, бірге тұрып жүрген, бауырлас кісілердің арасында бірдейлік бола қоймаушы еді ғой. Олардың арасында да бірінің сөзі үстем, бірінің өзі үстем. Бірі ертеден қара кешке дейін қоңынан күн өтіп, сылпылдап қой соңында жүрсе, енді бірі алшайып ат үстінен түспейді.
Түсінбеймін...Қара борбай кедейлер теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Бірақ, бәтір-ау, осы халықтың киер киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма?»[7] Жазушының алғашқы романымен салыстырғанда «Қан мен тер» – тірлік-тынысы әлдеқайда кең шығарма. Жанрлық жағынан да басқаға ұқсамайды. «Курляндия» оқиғалы роман санатына жатса, бұл – әлеумеітік-психологиялық типті шығарма. Ізденіс салмағы характерге түскен. Бар суреткерлік қабілетін ата-бабалардың мінез-кескінін ашуға жұмсаған. Характер – Нұрпейісов романының қозғаушы күші. Ел қазанында қайнап піскен характер өз тарапыпан ел тамырының соғуына, тонус, райына ықпал етеді. Романдағы оқиғаларға мұрындық боп көрінеді. Әрі сюжет ұйтқысы.
Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һәм жалқы қасиеттерінің бірлігінен тұрады. Осы екеуінің жұптаса дамуына сай характері толысады, байиды. Трилогияның бастапқы кітабы «Ымыртта» Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Жұрт Қаратаз деп атайтын Құдайменде байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екені байқалып қалады. Жетпей жатқан тұсы әзірше былайғы дүниемен ісі жоқ. Жазушы міне, осындай бұйығы, патриархалдық қапастағы тұңғиық тұлғаның ішіне бірте-бірте әлеуметтік сәуле түсіреді.
«Қан мен терде» айналасына үлкенді-кішілі сюжет тармақтары түйісетін Еламаннан басқа да бір кейіпкер бар. Ол – Тәңірберген. Тәңірберген – жағымсыз тип. Бұрынғы таптық көзқарас, қазіргі парықтық дүниетаным тұрғысынан да оңып тұрған адам емес. Ақбаланың Тәңірбергеннен тапқан ұлының атын Құдайберген деп қояды. Осыны естіген кесір шал Сүйеу осқырына отырып, Тәңірбергеннің бай тұқымына мінездеме береді. «...Құдайберген дсйді, ә? Бұл күшігі – Құдайберген... Әкесі – Тәңірберген. Ал, ал, әнебіреулер Алдаберген... Жасағанберген... – деп ызалы сөздер алқымына тығылғандай, үзіп-үзіп сөйледі. – Әй-әй, о несі? О несі екен?.. Абыралы ауылының балаларын Құдай береді... Алла береді... Тәңір береді... Жасаған береді... Әй, сонда біздің балаларымызды кім берген екен? О несі, әй?». Трилогияны қазір оқығанда да байқалатыны, автор Тәңірбергенді байлығы үшін жерлеп отырған жоқ. Бұл бейне таптық тұрғыдан емес, жалпы адамгершілік тұрғыдан әшкереленген. Перзент ретінде оны Тәңірдің, Құдай тағаланың бергені рас. Малын ше? Оны Құдай берді дей алмайсың. Дей алмайтының – кісі еңбегін жегіш. Оның үстіне ұры ұстайды. Түрікпеннің жылқысын әлденеше рет айдатып алып, көршілес екі елдің арасына от жағады. Түрікмендердің қазақ ауылын шауып жүргені осы байдың кеселінен. Тәңірберген ел бірлігін көп сөз етеді. Адалдықты, тазалықты дәріптеуге құштар. Іс жүзінде ел ішіне іріткі салушы нағыз қызыл көздің өзі. Тып-тыныш отырған балықшылар ауылын екіге жарып, бір-бірімен өштестіріп, қастастырып қояды.
«Мен – қазақпын!» деп тұрған характерлерінің сомдалу сапасының биіктігі Әбдіжәмілдің эпикалық талантын жаңа бір қырынан танытты. Іштей ашылатын Еламан, Тәңірбергендермен қатар, оқиға барысында кескінделетін характерлерге де роман ерекше жомарт. Бұлар – даралығы көзге ұрып тұратын Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Айғаным, Мюлгаузен, Федоров, Қарақатын, Судыр Ахмет, т.б. бейнелері.

Кәлен – халық топырағының тереңінен тамыр тартатын образ. Трилогияның басты идеясы тумысынан батыр, жаужүрек, дара тұлға Кәленнің жан сүйсінтер қайрат-жігерімен, үлкен масштабты іс-әрекетімен байытылып отырады. Еламанның, Тәңірбергеннің бейнесі Кәленсіз жүдеп қалар еді.




Кәлен – 1916 жылғы халық көтерілісінің сардары. Трилогияның соңғы нұсқасында оның қолбасшылық ісі кеңірек көрсетілген. Күші басым жау әскері құм ішінде шабуылға шыққанда қорғаныс шебінің алдына киіз үй керегелерін жайып тастайды. Көмулі тұзаққа тап болған дұшпан талай сарбазын жоғалтып, кері шегінуге мәжбүр. Кәлен комиссар Дьяков пен Еламанның тапсырысы бойынша, ақтар әскерлерінің алдына түсіп алып, қу медиен даладағы құдықтарды жауып отырады. Ақ гвардияшыларға жолбасшы боп жүрген Тәңірберген байдан талайдан кеткен кегін қайтарады. Ақ әскер құзғындарын Тәңірберген ауылының үстінен түсіріп, ақыры тұтас бір әскерді судан қаталатып, бір оқ шығармай қырғынға ұшыратқан асқан ерлік иесі – дәл осы Кәлен. Ол құдды Тәңірбергенге тауқымет тартқызбаққа көктен арнайы түскен, көзге шалынбайтын зауал секілді. Кәлен бір өзі мың сан қолды жайпап кететін ертегінің батырындай асқан ерлік танытады. Фольклор кейіпкерінен айырмасы – ерлігінің нанымдылығында, реалистік сипатында. Кәлен образының сомдалуындағы бір ғажап нәрсе – кейіпкер роман сахнасына мүлде шығарылмайды. Ол туралы Тәңірбергеннің аузынан бір-ақ ауыз сөз естиміз. Кәленнің құдықты қалай жауып жүргені суреттелсе, артық болмас еді. Бірақ автор өйтпеген. Тек істеп жүрген орасан қайратының нәтижесін ғана көрсеткен. Қисапсыз «үнемді» тәсіл. Әбдіжәмілдің айтарлықтай олжасы – қазақ романы поэтикасына қосқан жаңалығы. Кәлен қазақ әдебиетінің батырлар галереясына сұранбай-ақ кіріп тұр.
Жазушының шығармашылық жұмысқа әбден беріліп, ысылып алған кезде көріктеуін, бояуын келістіре жасаған образы – Судыр Ахмет, көк мылжың, қуыс кеуде, есі кірмеген пәруайсыз жан. Еңбекке қыры жоқтығы жағынан Қалау мен Төлеуге ұқсас. Айырмашылығы – қолынан дәнеңе келмейтін. Бір бақаннан бір қазық шығара алмайтын, кандай да іске орашолақ, бос белбеу. Бар жақсылықтан жұрдай, бар кеселді мойнына артқан сорлы тәлкекке ұшырайды да жүреді. Байғұсқа басына келіп дұға оқитын мола да бұйырмаған. Ешкім білмейді. Із-түзсіз жоғалып кеткен. Судырдан артында қалған жалғыз белгі ақ киіз қалпағы. Соның өзінде роман жүрегін соқтыруға бұл өте-мөте қажет характер. Ұлт талайы-тағдыры, адамның өмірдегі еңбегі туралы ойға шомдырады. Өлім де адамның қалай өмір сүргеніне сын... Бұрау басын сындырмаған адамның өмірге келдісі не, кеттісі не? дегізеді.
Нұрпейісов романы ұлттық характердің тұтас сілемін жасауымен құнды. 1916-1918 жылдардағы халық қозғалысын әлеуметтік-психологиялық тәсілмен суреттейтін, өрістетілген ішкі монологке құрылған бұл роман нағыз замана эпосы. Кезінде «Қан мен тер» романы жанрын эпопея жанрына қарсы қоюшылар табылды. «Ішкі драматизм сыртқы қабыршақты бұзып, мән-мағынаға бойлатады». Сондықтан бұл таза роман (роман чистых кровей») делінді.


3. Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі.
Жай сөйлемді оқыту әдістемесі
1. Сөйлемнің грамматикалық белгілері
2. Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер
Тіл білімінде сӛйлемдерді таптастыру синхронды және диахронды таптастыру бойынша жүргізіледі. Диахронды классификация бойынша сӛйлемнің қалыптасып, даму жолы тарихи тұрғыдан сараланса, синхронды классификация бойынша сӛйлем тілдегі қазіргі қолданылуы қалпында бірнеше ұстанымға сәйкес іштей сараланады. Предикатив тұлғаларының санына қарай сӛйлем жай және құрмалас болып жіктелсе, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып жіктеледі.
Сӛйлем ӛзінің мазмұны мен грамматикалық белгілеріне қарай бірнеше топқа бӛлінеді:
1. Айтылу мақсатына қарай; хабарлы, сұраулы, бұйрықты;
2. Сӛйлемде айтылған ойдың объективті шындыққа қарым-қатынасына (грамматикалық сипатына) қарай болымды, болымсыз;
3. Синтаксистік мүшеге бӛліну –бӛлінбеуіне қарай: мүшеленетін, мүшеленбейтін;
4. Сӛйлемде сӛйлем құрауға негіз болатын бас мүшелердің сӛйлем құрамына қатынасуына байланысты: екі бас мүшелі сӛйлемдер, бір бас мүшелі сӛйлемдер;
5. Сӛйлем құрамында тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай; жалаң, жайылма;
6. Сӛйлем құрамында ойға қажетті мүшелерінің қатысына қарай; толымды, толымсыз;
7. Сӛйлемді күрделендіруші элементтерінің қатысына қарай; күрделенген, күрделенбеген;
8. Сӛйлем құрылысына қатысты мүшелерінің түсу-түспеуіне қарай; ықшамдалған/ ықшамдалмаған сӛйлемдер.
Сонымен қатар эмоционаллдық бояуы жағынан сӛйлемдерді лепті, лепсіз сӛйлемдер деп қарастыру дәстүрі де бар. Бастауыш пен баяндауыштан құралған не бір ғана тұрлайлы мүшеден болған сӛйлемді жалаң сӛйлем дейміз. Түн қараңғы. Жұлдыздар көрінбейді. Асығуға тура келді. Тұрлаулы мүшемен қатар тұрлаусыз мүшелері де бар сӛйлемді жайылма сӛйлем дейміз. Алуан түрлі бала бар. Сен ауылға қайт.
Тілдегі пікір білдірудің негізгі формасы сӛйлем десек, сӛйлем құрамындағы сӛздер ӛзара тіркесу арқылы, белгілі қызметте жұмсалады, басқаша айтқанда, сӛйлемдегі бір сӛздің сӛйлем мүшесі болуына сонымен тіркескен басқа сӛз себепкер болады. Сӛйлем құрамындағы сӛздердің бәрі сӛйлем мүшесі қызметін атқара бермеуі мүмкін. Сӛйлем мүшесіне қазақ тіл білімінде беріліп жүрген анықтамаларда оның мынадай қасиеттеріне мән беріледі:
1) толық мағыналы болып, белгілі бір сұрауға жауап беруі.
2) сӛйлемдегі басқа сӛздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, грамматикалық мағынаға ие болуы. Сӛйлем мүшелері сӛйлемде атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер болып жіктеледі.
Сӛйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер – сӛйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін –бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады. Сӛйлем құрамында сӛйлем мүшелерінен басқа да сӛздер болады, олар – қаратпа, қыстырма, одағай сӛздер. Бұларды оқшау сӛздер деп атайды. Оқшау сӛздер сӛйлемдегі сӛздермен тек мағыналық байланыста айтылып, олармен синтаксистік байланысқа түспегендіктен, сӛйлем мүшесі бола алмайды. Жай сӛйлемді оқыту барысында мұғалім ең алдымен сӛйлемнің басты қасиеттеріне ерекше тоқталған жӛн. Хабарлы, сұраулы, лепті сӛйлемдерді оқытқанда, оқушыларға бұл сӛйлемдердің әрқайсысының қандай жағдайда, қандай мақсатпен қолданылатынын және олар ауызекі сӛйлеу тілінде немесе жазбаша мәтіндерде қандай мән беретінін, мағынасын жеткізе түсіндіру керек. Осыған орай, сол сӛйлемдердің айтылуындағы тиісті дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп, нақысына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға, оларды оқудың интонациясы сӛйлемнің бүкіл мазмұны мен мағынасына сай келуі жағынан айрықша кӛңіл бӛлінуге тиіс. Сӛйлемнің қалай түрленетінін мұғалімнің ӛзі жақсы білуі шарт. Сӛйлемнің түрленуін түсіндірген кезде оқушылардың сӛйлемді дұрыс оқуына мән беруіміз қажет. Себебі, сӛйлемнің тыныс белгісі әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы:
1. Мынау қоян атыпты.
2. Мынау қоян атыпты!
3. Мынау қоян атыпты?
Сӛйлемнің интонациясына қарай түсіндірілгенде бір жай сӛйлем алып, сол сӛйлемнді әртүрлі интонациямен айтып, сӛйлемнің түрін байқатып, интонациясының мәнінғ ерекшелігін байқатып түсіндіру тиімді. Сӛйлем мүшелерінің талдану тәртібін әр уақытта ескертіп отыру керек. Синтаксисті ӛту арқылы оқушы жазу тілі мен ауызекі сӛйлеу тілінің маңызын игеруі түседі. Оқушыға сӛйлемдегі сӛздердің бәрі грамматикалық байланысқа түсе бермейтінін, сӛйлемді талдағанда оқшау сӛздердің сӛйлем мүшесі бола алмайтынын жете түсіндірген жӛн. Синтаксистік талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді саналарында берік қалыптастыруға күш салу қажет. «Сӛйлем мүшелерін ӛткенде, мұғалімнің бір кӛңіл аударатыны сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібі. Қазақ тілінде сӛйлем мүшелерінің орынтәртібі үлкен рӛл атқарады. Баяндауыш және анықтауыш мүшелердің орны тұрақты болады да, басқа мүшелердің орны ауыса береді».


29-билет.1.Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Құрамында екі не одан да көп бағыныңқысы, бір басыңқысы бар сабақтастың түрі көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге тән басты ерекшелік бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдік үлгілердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады. Тиянақсыз тұлғалы сыңардың кемі екеу болып келуі де басты нысан.Екіншіден, құрам сыңарларының бағыныңқы немесе басыңқы сипатта болуы жеке предикативтілік бөліктердің тиянақсыз немесе тиянақты түрде тұлғалануына тәуелді емес, яғни тиянақсыз тұлғалы сыңар да басыңқылық қызмет атқарады. Кеш батып, үй іші қараңғы болса да, Ділдә от жақпапты (Әуезов). Үшіншіден, мұндай сөйлем құрылымдарында грамматикалық мағынаның сақталуы тиіс, яғни жеке предикативтілік бөліктердің қарым-қатынасында синтаксистік те, мағыналық та байланыс түзілім құрғаны жөн. Төртіншіден, тиянақсыз тұлғалы сыңарлар соңғы тиянақты тұлғалы сыңармен осы баяндалған өлшеммен ғана байланыспайды. Кейде әр тиянақсыз тұлғалы сыңардың соңғы бөлікке байланысы ерекше болып келуі ықтималКөп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы тиянақсыз тұлғалы бөліктерінің басыңқы бөлікпен байланысы жарыспалы және сатылы ыңғайда болады. Оның жарыспалы бағыныңқылы түрінде басыңқымен болатын байланыс еркін болады, кез келген тиянақсыз тұлға басыңқымен грамматикалық мағына құрайды.  Жарыспалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары бірыңғай тұлғалы сөздерден болуы да, түрлі тұлғалы сөздерден болуы да мүмкін. Демек, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жарыспалы түрі жеке сыңарларының тұлғалық өзгешелігі мен мағыналық қатынастың ерекшелігіне орай бірыңғай және әр алуан жарыспалы деп екі топқа бөлінеді.  Алдыңғы сөйлем бірыңғай себеп мәнде, ал соңғы сөйлем мезгіл - амал мәнде келген.Сатылы бағыныңқыда әр бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен өз бетінше, тікелей байланыспайды, өзінен кейінгі бағыныңқыға байланысады да, сол арқылы сатылап барып басыңқымен құрмаласадыМұндай түзілімді сөйлемдерді көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің сатылы бағыныңқылы түрі деп атайды.


2. Ілияс Жансүгіров шығармашылығы, лирикасының айшық-өрнектері. "Құлагер" поэмасының көркемдігі.
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланысты Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Өзге поэмаларға қарағанда, бұл поэманың сюжеттік-композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас. Мәселен, оқиғаны басынан бастамай, аяғынан алып қарасақ та жеткілікті. «Туған жер» атты басқы тарауда ақын Көкшетауда жападан-жалғыз қайыңды көлеңкелеп отырған қара шалды, оның үстінде ілулі тұрған аттың қу басын әңгімелейді. Міне, осы әңгіме-жұмбақтың сырын айтпақ боп ақын шегініс жасайды. Бүкіл оқиғаны сол шегініс арқылы береді де, «Аттың азалы әні» деген соңғы тарауда баяғы алдыңғы тараудағы қара шал мен аттың қу басына қайта оралады. Поэма сюжетін құрудағы бұл қаусырмалы композицияны ақын шебер де ұтқыр пайдаланады. 
Поэманың бас қаһарманы – Ақан сері Қорамсаұлы. Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме беріп кетеді. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. 
Поэмадағы ақынның авторлық мінездемесіне қарағанда: Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып, ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып, зекет алып, дүниенің нәжісін бойға жаққан молда» емес, тіпті, байдың жалшысы да емес, өз малын баққан қарапайым шаруа да емес. Поэманы оқып отырған оқырманның осы тұста заңды сұрағы туатыны аян. Ақан енді кім? Бұған жауап ақынның Ақанға берген мына сипаттамасынан табылады:
Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет