1.ШАРТТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС. Бағыныңқы сөйлем басқа сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Шартты бағыныңқылы сөйлем қ а й т с е? не етсе? кайткенде? не еткенде? кайтпей? не етпей?қайтпейінше?не етпейінше? деген сұрақтарға жауап береді.Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:а) етістіктің шартты рай түрінен болады. Осыңдай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, ол көптің бірі боп біз қандай оп-оңай араласып кетер едік (Ғ. Мүсірепов). ә) болымсыз етістіктің -й тұлғалы көсемше түрінен болады: Өткен мәдениеттегі өміршең атаульшың барлығын бойға д а р ы т ы п алмай, жарқын жаңа мәдениет жасау мүмкін емес. (Ә. Кекілбаев).б) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Қара теке — Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі — сары теке қатар тұр еді (М. Әуезов).
2.ҚИМЫЛ СЫН БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қимылсын бағыныңқылы сөйлем қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрақтарға жауап береді.Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:а) -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден болады: Бір бүйірі қызарып, пісуге жақындап қалып еді. Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген (Ш. Мұртаза).ә) есімше тұлғасына -дай, -дей жұрнағы жалғанып жасалады: Өзгелері қос атпен тартқандай, косалқы мүғалім жолдаумен ілігіп келеді (Ғ. Мүсірепов).
3.МЕЗГІЛ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмалстың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз. Мезгіл баяғыныңқылы сөйлем қ а ш а н? қашаннан бері?қашанға шейін? деген сүрақтарға жауап береді.Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:а) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты (Ғ. Мүсірепов).ә) есімше тұлғалы етістік пен кезде, күнде, шақта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесуінен болады: Күн ұясына төніп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі (Ғ. Мүсірепов).б) барыс және шығыс септік тұлғасындағы есімше мен шейін, дейін және кейін, соң, бері, бұрын шылауларының тіркесінен болады: Сейіттің әке-шешесі даланың бір айналсоқ қырғыны обадан өлгеннен кейін, Игілік — қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қолына алдырған (Ғ. Мүсірепов).
в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Ол жұрт кейін мекенге қайтып, малын сұрағанша, қолдан-жолдан қосылған жеті мың жылқы таңбаланып та қалған еді (Ғ. Мүсірепов).
г) көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасыннан болады: Шынында да Барластар келгелі, Құнанбай бұл үйіне көп қонған емес. (М. Әуезов).
з) етістіктің шартты райынан да болады: Осындай қарбалас күңдердің бірінде Ерлан түс ауа шеберханаға келсе, Жақып жігіттерімен жоқ. (С.Бәкіров)
е) -ысымен (-ісімен) қосымшалы етістіктен болады: Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады (М. Әуезов).