1-билет Гормондар және олардың химиялық классификациясы


-билет 1.Тағам липидтері, олардың жіктелуі, триацилглицериндердің, фосфолипидтердің, холестериннің маңызы



бет8/12
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#125853
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
8-билет
1.Тағам липидтері, олардың жіктелуі, триацилглицериндердің, фосфолипидтердің, холестериннің маңызы.
Липидтер - суда ерімейтін, органикалық еріткіштерде (эфир, хлороформ, бензолда) еритін заттар тобы.
Липидтердің жіктелуі:

Құрамында 20 көміртек атомы бар полиенді май қышқылдары адам ағзасына тағам арқылы түседі немесе тағаммен түсетін 18 көміртек атомынан тұратын алмастырылмайтын май қышқылдарынан келесі схема бойынша түзіледі:


- ω -6 қышқылдар: 18:2(9,12)->20:3(8,11,14) —>20:4 (5,8,11,14) - арахидон қышқылы.
- ω-3 қышқылдар: 18:3(9,12,15)—>20:5(5,8,11,14,17)- эйкозапентаен қышқылы.
ТАГ маңызы
1. Энергия көзі. 1г майлар тотыққанда 38,9 кДж энергия бөлінеді.
2. Эндогенді судың көзі. 100 г май тотыққанда 107 г су түзіледі.
3. Еріткіштік қызметі- майда еритін витаминдердің сіңірілуіне қажет.
4. Дене температурасын тұрақты ұстап тұруға қатысады.
5. Мүшелер мен тіндерді механикалық зақымдалудан қорғайды.
триацилглицерол
Фосфолипидтердің (ФЛ) маңызы

  1. Құрылымдық ролі – биологиялық мембраналарды түзеді.

  2. Хиломикрондар мен липопротеиндердің құрамына кіріп қан арқылы суда ерімейтін липидтерді тасымалдауға қатысады.

  3. Кефалиндер (фосфатидилэтаноламин) қанның ұюына қатысады.

  4. Липотроптық қызметі- бауырды май басудан қорғайды.

  5. Сурфактант құрамына кіріп өкпедегі қалыпты тыныс алуды қамтамасыз етеді.

фосфатидилхолин
Холестериннің (ХС) маңызы
1.Құрылымдық ролі- биологиялық мембрананың липидтерінің 30% құрайды. Оның сұйық күйін қамтамасыз етеді.
2. Диэлектрик қызмет атқарады- нерв тінінде миелин қабығын түзе отырып нерв импульстерінің жылдам берілуіне қатысады.
3. ФЛ-тер құрамындағы КҚМҚ пероксидтік тотығудан қорғайды.
4. Пластикалық қызметі-холестериннен өт қ-ры, стероидты гормондар, Д3 витамині түзіледі.
5. ХС-нен канцерогенді қосылыстар түзілуі мүмкін.
6. ХС алмасуы бұзылғанда атеросклероз, өт-тас ауруы дамиды.
холестерол

2.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 69 мкМ/л-ге тең, тікелей және тікелей емес билирубин жоғарылаған, зәрі қараңғы, нәжісі әлсіз боялған. Осы күй қалай аталады? Ол қашан байқалады? Қанда қандай индикаторлық ферменттер жоғарылайды?
Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің қалыпты мөлшері 8-20 мкмоль/л: тікелей –7мкМ/л дейін; тікелей емес –13мкМ/л дейін болады.
Қандағы билирубин мөлшерінің артуы оның тіндерде жиналуына, соның ішінде тері мен кілегей қабаттарында жиналып, тіндердің сары түске боялуы сарғыштану деп аталады.
Сарғыштанудың бірнеше түрлері бар. Бұл жағдайдағы сарғыштануды паренхиматоздық немесе бауырлық сарғыштану деп айтамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет