1-билет Гормондар және олардың химиялық классификациясы


-билет 1.Қан сарысуындағы қалыпты мөлшердегі билирубин түрі. Гипербилирубинемия, билирубинурия, себептері. Қандай билирубин несепке өтуі мүмкін және неге



бет2/12
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#125853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3-билет
1.Қан сарысуындағы қалыпты мөлшердегі билирубин түрі. Гипербилирубинемия, билирубинурия, себептері. Қандай билирубин несепке өтуі мүмкін және неге
Қан сарысуындағы Жалпы билирубин 8-20 мкмоль/л: тікелей –7мкМ/л дейін; тікелей емес –13мкМ/л дейін болады.
Қан сарысуындағы билирубин мөлшері жоғарылап кетсе гипербилирубинемия болады.
Билирубин екі түрге бөлінеді, тікелей және тікелей емес.
Тікелей емес билирубин –суда ерімейді, улы қосылыс. Ол жасушаларға оңай еніп, олардың функцияларын бұзады. Онын тикелей емес деп аталу ceбебi Эрлих диазореактивин косканда бирден кызыл тус бермейди, тек кан сарысуына ондагы белоктарды тунбага Tycipy yшин кофеин немесе спирт еритиндисин косканнан кейин кызыл туске боялады.
Тікелей билирубин—Ол суда ериді, усыз.
Әдетте адам ағзасында тәулігіне 250-350 мг билирубин өндіріледі.
Қандағы билирубин мөлшерінің артуы оның тіндерде жиналуына, соның ішінде тері мен кілегей қабаттарында жиналып, тіндердің сары түске боялуын туғызады. Бұл күй сарғыштану деп аталады, оның әр түрлі себептері бар. Сарғыштанудың бірнеше түрлері бар:
1.Механикалық (обтурациялық) бауыр асты сарғыштану өттің ішекке түсуінің бұзылуымен байланысты. Өттің шығуын бұзатын кез келген үрдіс сарғыштану себептері болып табылады. Осының нәтижесінде қанда жалпы билирубин тікелей билирубин есебінен артады.
2. Гемолиздік (бауыр үсті) сарғыштану эриттроциттердің шамадан тыс гемолизге ұшырауынан туындайды. Ол сәйкес емес қанды құйғанда, жұқпалы ауруларда, кейбір химиялық заттармен уланғанда және т.б жағдайларда байқалады. Қанда бос билирубин көп түзіледі, оны бауыр залалсыздандырып үлгермейді, сондықтан қанда тікелей емес билирубиннің есебінен жалпы билирубин мөлшері артады.
3. Жаңа туған балаларда физиологиялық сарғыштану байқалады. Оның қарқындылығы қалыпты жағдайда екінші тәулікте азая бастайды, ал екі аптадан соң өтеді, шала туған балаларда ұзағырақ сақталады. Өйткені оларда фетальдық гемоглобиннің ересектер гемоглобиніне алмасуы баяу жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет