1-билет Гормондар және олардың химиялық классификациясы


-билет 1. Тағам көмірсулары, жіктелуі және маңызы. Көмірсулардың қорытылуы. Моносахаридтердің сіңірілу жылдамдығы және механизмдері



бет5/12
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#125853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
5-билет
1. Тағам көмірсулары, жіктелуі және маңызы. Көмірсулардың қорытылуы. Моносахаридтердің сіңірілу жылдамдығы және механизмдері
Көмірсулар белоктармен және липидтермен бipre тағам арқылы түседі. Белоктар, липидтер, көмірсулар төмендегідей қатынаста болуы тиіс (Б:Л:Кс) – 1:1:4.
Энергияға кажеттіліктің 50%-ы көмірсулардың есебінен толықтырылады. Тәулігіне адам opганизміне 400-500 г көмірcy түсіп тұруы керек немесе 1000 ккал энергия шығынына 124г.

  • Тағам көмірсуларының 80%-ын өсімдік полисахаридінің қоры – крахмал (картоп, ұн, күріш) құрайды.

  • Жануар тектес тағамдарда «жануар крахмалы» - гликоген (ет, бауыр);

  • Өсімдіктегі полисахарид – целлюлоза;

  • Дисахаридтер: сахароза (қант), лактоза (сүт);

  • Моносахаридтер: глюкоза, фруктоза (бал, жеміс-жидектер), галактоза (сүт).

Тағам көмірсуларының рөлі:

  1. энергетикалық - көмірсулардьң 99%-ы энергия түзуге жұмсалады;

  2. пластикалық, құрылымдьқ немесе структуралық - ГАГ-тар, гликопротеидтер және басқа да белоктар (организмдеп барлық дерлік белоктардың құрамында көмірсулар болады), нуклеин қышқылдары, липидтер, глюкуронаттар, мембрана гликолипидтері

  3. қорға жинау - глюкозаның қоры гликоген болып табылады;

  4. сигналдық - көмірсулар рецепторлардың (тану бөлімінің) жэне кейбір гормондардың, мысалы, ТТГ, ФСГ құрамына кіреді. Көмірсулар тіндердің антигендігін қамтамасыз етеді.

Көмірсулардың қорытылуы



Моносахаридтер ащы iшек эпителийінің микробүрлері арқылы әр түpлi жылдамдықпен сіңіріледі. Алдымен галактоза, содан кейін глюкоза, фруктоза жэне пентозалар сіңіріледі. Сіңірілу жылдамдығының айырмашылығы сіңірілу типіне байланысты. Галактоза, глюкоза екіншілік активті транспорт жолымен сіңіріледі, фосфорланған туындылар (галактозо-6- фосфат, глюкозо-6-фосфат) iшек жасушаларында кайтадан дефосфорланып, қақпа венасының қанына бос күйінде түседі. Фруктоза мен пентозалар жай диффузия жолымен (пассив) сіңіріледі. Сонымен, қақпа венасының қанында әр түpлi моносахаридтер болады, олардың сапасы мен түрі ішкен тағамға байланысты. Сонымен катар мөлшері де әр түрлі ас корытылуы кезінде - көп, ал ашқарында – аз. Моносахаридтер бауырдың паренхималық жасушаларына тез сіңіріліп, осы жерде барлығы дерліктей глюкозаға айналады. Сонда үлкен қан айналымына түсетін бірден бip моносахарид глюкоза болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет