3.Пальмитин қышқылының тотығу процесіндегі энергетикалық байланыс саны (табу керек)
Пальмитин қышқылы тотыққандағы энергетикалық баланс 131 молекула АТФ-ке тең. Пальмитин кышкылының (С15Н31СООН) 1 молекуласы тотыққанда, 8АСҚ, 7 молекула ФПН2 және 7 молекула НАДН2, түзеді Сәйкесінше, 7 ФПН2, тотыққанда 14 АТФ және 7 НАДН2, тотыққанда 21 АТФ түзіледі, ал 8 молекула ацетил-КоА тотыққанда 96 АТФ түзеді. Бастапқы сатыда май қышқылдарының активтенуіне бip молекула АТФ жұмсалады, сондыктан 130 АТФ қорға жиналады.Сонымен, 1 молекула пальмитин кышкылы C15H31COOH тотыққанда 8 АСҚ түзеді, 7ФПН2 және 7НАДН2 тотықсызданады.
Энергетикалық балансы: 8 АСҚ=96АТФ//7 ФПН2=14АТФ//7НАДН2=21АТФ//131-1 = 130 АТФ
12-билет
1 Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Қан плазмасындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Глюкозаның бүйрек шегі.
Бауыр глюкостатикалық қызмет атқарады. Бауырда гликогеногенез, глюконеогенез, гликогенолиз процесстері жүреді. Бауыр осы процестерге байланысты қанның құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшерін тұрақты етіп ұстап тұрады. Қан құрамында глюкозаның қалыпты мөлшері 3,4 - 5,6ммоль.л
Бүйрек глюкозасының шегі.Ішектен қанға түскен глюкоза бауырға тасымалданып, онда гликоген синтездейді. Бауыргликогені резервті, яғни көмірсулардың артық қорының жиналуы болып табылады. Тағамдакөмірсулардың толық болмауы кезінде олар организмде майлар мен белоктардың ыдырауынан түзіледі. Қанда глюкоза мөлшерінің азаюына байланысты бауырда гликогеннің ыдырауы жүріп, қанға глюкозаның шығуы жүреді. Осыған байланысты қандағы глюкозаның салыстырмалы тұрақтылығы сақталып тұрады. Жануарлардың организмінде көмірсулардың ыдырауы оттексіз сүт қышқылына дейін ыдырау жолымен және көмірсулардың ыдырау өнімдерінің көмір қышқыл газы мен суға дейін тотығуы жолымен жүреді. Канда глюкоза мөлшері жогарылаганда, онын артык бөлігі гликогеннің түзілуіне жумсалады. Қанда глюкоза мөлшері темендегенде, гликогенолиз және глюконсогенез журеді. Алкогольдің әсерінен глюконеогенез тежеледі сондыктан ішімдікте көп мелшерде кабылдаганда кандагы глюкоза мөлшері төмендейді.Бүйрек зәр шығару арқылы қанға глюкозаның максималды мөлшерін қайтаруға тырысады. Гликемия деңгейі айтарлықтай жоғарылағанда, бүйрек глюкозаның реабсорбциясын жеңе алмайды және ол зәрге түседі. Бұл орын алатын қант деңгейі бүйрек шегі деп аталады. Бұл көрсеткіш әркім үшін жеке, әдетте жасына қарай артады. Алайда, орташа нормалар бар: балалар үшін шегі 8-10 ммоль/л, ал ересектер үшін - 7-12 ммоль/л аралығында болады. адамның бүйрек шегі өте төмен болған жағдайлар бар, мысалы, 5 ммоль/л дейін немесе, керісінше, жоғары - 15 ммоль/л дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |