1 билет Жарық ілімі жайлы тарихи шолу


Көз – оптикалық жүйе. Оптикалық құралдар (лупа, микроскоп, телескоп, фотоаппарат, проекциялық аппараттар)



бет2/2
Дата18.04.2023
өлшемі226,2 Kb.
#83774
1   2
2. Көз – оптикалық жүйе. Оптикалық құралдар (лупа, микроскоп, телескоп, фотоаппарат, проекциялық аппараттар)
Оптикалық аспаптар туралы түсінік.
Оптикалық аспаптар — құрамында оптикалық үлкейткіш линзалар бар аспаптар. Оптикалық аспаптарға оптиметрлер, өлшеуіш микроскоптар, оптикаторлар және т. б. жатады.
Проекциялық аспаптар дегеніміз – экранда нәрсенің шын, үлкейтілген кескінін беретін оптикалық аспаптар.
Фотоаппарат дегеніміз – линзалар жүйесінің көмегімен жарық сезгіш қабыршақта сақталатын нәрсенің кескіні алынатын, оптикалық қондырғы болып табылады.
Көз – “тірі” оптикалық аспап, ол адамға да жан - жануарларға да қоршаған әлемді танып білуге мүмкіндік береді.
Көзілдірік дегеніміз - көздегі ақауларды (алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік) түзету үшін қолданылатын оптикалық аспап.
Лупа дегеніміз – ұсақ денелерді көруге арналған ең қарапайым аспап қысқа фокусты линза.
Микроскоп дегеніміз – өте ұсақ денелерді көру үшін қолданылатын оптикалық аспап.
Телескоп дегеніміз – аспан денелерін (планеталарды, жұлдыздарды, кометаларды) бақылауға арналған оптикалық аспап.
Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23 - 25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған. Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес, ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т. б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсті қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диафрагмалар.
Көз бұршағының диаметрі - 8 - 10 мм кішкентай көз дөңес линза.
3. Сфералық ойыс айнаның қисықтық радиусы 20 см-ге тең. Айнадан 30 см қашықтықта биіктігі 1 см нәрсе қойылған. Кескіннің орны мен биіктігін табу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет