Тіршілік үшін күрес түрлері.
«Күрес» ұғымы бірін-бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана емес. Мұны тірі ағзалардың өзара жәрдемдесуі, селқос бәсекелестіктің және бүкіл селбестік жиынтығының күрделі өзара қатынасы деп түсінген жөн. Дәстүр бойынша тіршілік үшін күрес 3 түрге бөлінеді. Олар: түрішілік, түраралық күрес және абиоздық факторлармен немесе өлі табиғатпен күрес.
21-билет.
1.Көмірсулар.
Көмірсулар химиялық құрамына қарай 3 класска бөлінеді :
1) моносахаридтер , 2) дисахаридтер , 3) полисахаридтер .
1)Моносахаридтер - спирттердің кетонды немесе альдегидті туындылары Олар көміртегі атомының саны бойынша триозалар(3), тетрозалар(4), Пентозалар(5) және гексозалар (6) болып бөлінеді. Моносахаридтердің ішіндегі кеңінен тараған: рибоза, дезоксирибоза, гексозалар: глюкоза, фруктоза, галактоза.
2)Дисахаридтер - 2 мен 10 арасында ауытқитын моносахаридтерден құралатын көмірсулар. Табиғатта көбіне дисахаридтер түрінде кездеседі.Дисахаридтерге сахароза , мальтоза және лактоза жатады.
3) Полисахаридтер - мономерлері өзара гликозидтік байланыстар арқылы байланысып, бірнеше рет қайталанып кездестін полимерлер. Жоғары молекулалы полисахаридтер ішіндегі тарағандары: өсімдіктерде - крахмал мен целлюлоза, жануарларда – гликоген . Көмірсудың қызметі : Жасушадағы барлық процестерде энергияның негізгі көзі болып табылады. 1 г глюкоза 17,1 кДж (4,2 ккал) энергия бөледі, Құрылымдық қызмет атқарады. Өсімдіктерде жасуша жарғақшасы құрамына целлюлоза кіреді , Қор жинау қасиеттеріне ие , Крахмал мен гликоген глюкоза көзі , ДНҚ, РНҚ және АТФ компоненттері. Көмірсулардың адам өміріндегі маңызы : Көмірсулар адам ағзасына нәруыз бен майлардың дұрыс алмасуына қажет. Олар нәруыздармен қосылыстарда кейбір гормондар, ферменттер, сілекей секреттері мен басқа да маңызды қосылыстар түзеді
Мутагенез.
Мутагенез — физикалық және химиялық мутагендердің көмегімен мутацияларды жасанды жолмен алу әдісі. Бұл әдіс экспериментті генетикада жиі қолданылады. Селекцияда мутагенез жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің болашақтағы мутанттарын алуда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |