Дисахаридтер – құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза) кейбір Дисахаридтер табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олигосахаридтерді немесе полисахаридтерді біртіндеп гидролиздеу арқылы алады.
Дисахаридтер молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің екі қалдығынан құралады. Құрылыстары жай эфирлерді еске түсіреді:
R' - О - R"
R' мен R”— моносахаридтер қалдықтары оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, изомальтоза, целлобиоза
a-D-глюкозамен В-D-фруктоза қалдыктарынан құралады. Оның молекуласының түзілуін төмендегі формуладан байқауга болады.
Сахароза қызылша немесе қамыс қанты
Реакция теңдеуінен көрініп тұрғандай, моносахаридтер қалдықтары арасында гликозидтік байланыс а-в (1->2) қалыптасады, ондай байланыстың қалыптасуына глокозаның да, фруктозаның да аномерлік топтары қатысады. Демек, бос карбонильдік тобы жоқ, сондықтан дисахаридтің тотықсыздандырғыштық қасиеті болмайды, атап айтқанда Фелинг сұйықтығымен реакцияласпайды. Сахароза гидролизденгеннен кейін реакция өнімдерінде (глюкозада, фруктозада) тотықсыздырғыштық қасиет пайда болады. Сахароза өсімдік организмінде, олардың тамырында, сабағында, жемісінде кездеседі. Әдетте сахарозаны қант қамысынан алады. Сахароза - бағалы азықтық өнім, дәмі тәтті, суда жақсы ериді.
Лактоза сүт қанты
Бұл қант в-D галактоза мен а-D глюкоза молекуласының қалдырынан құралады.
Лактоза сүт қанты
Осы екі қалдық арасындағы глюкозидтік байланыс галактозаның в-1- көміртегі атомы мен а-глюкозананың төртінші атомы, яғни в(1->4) арқылы іске асады.а-глюкозаның аномерлік атомы гликозидтік байланыс түзуге қатыспайтын болғандықтан, оның гидроксилдік тобы сәйкес келетін жағдайда бос карбонильдік топқа өте алады. Сондықтан лактоза тотықсыздандырғыш қантқа жатады. Лактоза сүттің құрамында болады, ол сүттегі бағалы қоректік бөлік. Сиыр сүтіндегі лактозаның мөлшері 4,7% , бие сүтінде 6,7%. Лактозаның тәттілігі сахарозанікінен екі есе кем, сахарозамен салыстырғанда суда да нашар ериді.
Мальтоза
Бұл дисахарид крахмал мен гликогеннің шала гидролизденуі нәтижесінде түзілетін өнім болып табылады. Ол а-D глиюкозаның екі молекуласы қалдығынан құралған.
Мальтозадағы гликозидтік байланыс крахмалдың амилозалық фракзиясында а-бағыттық болады
Қазақстандағы қант өнеркәсібі жақсы дамыған. Ол — тамақ өнеркәсібінің қант қызылшасы мен қант қамысынан құмшекер және одан шақпақ қант өндіретін саласы. Сонымен бірге қант өнеркәсібі жемдік сірне және құрғақ қызылша сығындысын шығарады.
Қазақстанда алғаш 1933 жылы Меркеде, 1934 жылы Талдықорғанда қант зауыттары іске қосылды. 1936 жылы қызылша өңдейтін Тараз қант зауыты салынды. 1942 жылы Алматы қант зауыты пайдалануға берілді. 1947 жылы Қарабұлақ қант зауыты, 1963 жылы Шу қант зауыты салынып, өнім шығара бастады. Қазақстанда Ақсу, Шу қант зауыты және Жамбыл, Қарабұлақ, Мерке қант комбинаттарының өнімдері жоғары сапалы болып есептеледі.