1-билет Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі анықтама беріп, талдаңыз Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесін сипаттаңыз Критериалды бағалау жүйесінің ұйымдастыру формаларын талдаңыз



бет5/20
Дата16.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#115762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Бағалаудың өлшемдік техно ответы

5-билет
1. Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік беріңіз
2. SMART мақсат бойынша сабақтың жүргізілуін сипаттаңыз
3. Бағалаудың өлшемдік технологияларының параметрлерін көрсетініз
Жауабы:
1. Оқыту мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастырып оны тиімді қолдану білу бүгінгі білім беру жүйесінде маңызы өте зор. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Жетістік критерийі арқылы бағалау - бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Бағалау критерийі арқылы бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру арқылы өмірге бейімделеді.
Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю, бір-бірінің, мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артуына ықпалы бар. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін біледі.
2. Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар - Smart, Smart education ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. Smart education ұғымы тіпті көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолдануда. Smart education ұғымының негізгі мәні неде? Сөздің түбіріне келетін болсақ, «smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. Смарт - бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы - парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде – ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Нақ осы оқыту жүйесі қазіргі әлемнің мүмкіндіктері мен міндеттеріне сәйкес максималды білімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, жастардың тез өзгергіш қоғам жағдайына бейімделуіне, оқулықтан нақты белсенді әрекетке негізделген білім алуға мүмкіндік береді.Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. Джон Кеннедидің «Ұлттың дамуы толығымен білім сапасының дамуына тәуелді» деген ұлы сөзі бар. Демек, мақсатты дұрыс қою арқылы біз сол сабақтағы жұмыстың нәтижесін болжаймыз. Сабақты өткізген соң мақсатымызға қайта оралып, оқыту тиімділігін анықтай аламыз. SMART мақсатқа сай құрылған сабақ табысты оқытудың кепілі болмақ
3. Бағалау жүйесі оқыту және оқу үдерісітуралы интегралдық және сараланғанақпарат алуға, жоспарланған нәтижегежетудегі оқушылардың жеке ілгерілеушіліктерін; білім бағдарламасыныңтиімділігін бақылауға, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарға арналған керібайланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.. НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ: өлшемділік – мазмұнды бақылау және бағалау оқушылармен бірге әзірленген негізде құрылады, критерийлері барынша нақты болуы тиіс; өзіндік бағалау артықшылығы – оқушының өзіндік бағалауы мұғалімнің бағасының алдында жүзеге асырылуы тиіс, оқушылардың екі өзіндік бағалауын салыстыру қолданылады, олар: болжамалы (алдағы жұмысты бағалау) және ретроспективті (орындалған жұмысты бағалау); икемділігі және вариативтілігі – мазмұнды бақылау және бағалау оқу нәтижелілігін зерттеудің әртүрлі рәсімдері мен әдістерін қолдануды
болжайды; оқу қызметінің жеке, сонымен қатар топтық, ұжымдық нәтижелерін зерттеу;
бақылау және бағалау үдерісінің шынайылығы – оқушылар үшін шынайы, күйзеліс пен жүктемені төмендететін жағдайда өткіщіледі; оқушылардың оқу-танымдық қызметінің сипаттамасына қарапайым жағдайдағы олардың оқу қызметін бақылау нәтижелері енгізіледі.БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ БАҒЫТТАРЫ : бақылау-бағалау механизмдерін мұғалімнен оқушыларға біртіндеп жеткізу; констатациялаушы бақылаудан бақылаушы, процессуалды бақылауға көшу; оқушылардың жоспарлы нәтижелерді меңгеруі туралы алынған ақпараттың негізінде білім сапасын басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиімді «кері байланысты» қамтамасыз ету.. АҚПАРАТ АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН оқушыларға – өздерінің танымдық мүмкіндіктеріне деген сенімін нығайтуға; ата-аналарға – өз баласын оқыту және
дамыту үдерісі мен нәтижесін қадағалауға; ұстаздарға – жеке педагогикалық қызметінің сәттілігін бағалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет