10-билет 1. Қазіргі заманғы оқыту жүйесінің әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз
2. Критериалды бағалау жүйесінің ұйымдастыру формаларын көрсетіңіз
3. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары.анықтама беріп талдаңыз
Жауабы: 1. Білім сапасын бағалау үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен олардың белгіленген стандартқа сәйкестілігі пайдаланылады. Шындығында, білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау –білім саапасын басқарудағы негізгі критерий. «Оқушы жетістіктері» ұғымы білімнің құндылығы мен мақсатына және оның мазмұнына өзара байланысты.Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады. Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама т.б
2. Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007) үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Мұғалімнің бағалауы Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалауүдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстардымұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардыңқалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолданаалуына байланысты.
Өзін-өзі бағалау Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзібағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзібағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз.бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күштіжәне әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білімалушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективтіқарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінінанықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауытым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұлсабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмекбергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады.
3. Арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: әр түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды. Қазіргі таңда арнайы .Арнайы педагогика пәндік салаларының болашақ дамуы Арнайы білім беружүйесінің эр түрлі дэрежедегі дамуында ауытқуы барбалалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін
қалыптастыру, осы түрғыдағы балаларға коррекциялық тэрбиелеу жүмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмүны туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының жас шамаласаспектісін зерттеумақсатындабірнешесалалардыөзіне біріктіреді. Олар: 1 .Сурдопедагогика Тифлопедагогика 3 .Олигофренопедагогика 4.Логопедия
Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мэселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларға: есту қабілеті бүзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); көру қабілеті бүзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бүзылған, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданған, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін-көрмейтін және ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-түрысы,мінез-қүлқы, тэртібі бүзылған) балалар жатады.