Резерфорд тәжірибелері. Томсон моделіндегі қайшылықтарды атом қойнауын әйтеуір бір амалмен тікелей барлап қарау арқылы шешуге болатын еді. Міне осындай тәжірибені ағылшын физигі Э.Резерфорд (1871-1937) және оның шәкірттері Г.Гейгер, Э.Марсден жүргізді (1909-1910ж.ж). Тәжірибелер нәтижелеріне сүйеніп Э.Резерфорд атомның жаңа ядролық моделін ұсынды (1911). Атомның бұл моделінің шығуы -бөлшектері көмегімен жүргізілген мынадай тәжірибелерге негізделген болатын-бөлшектердің басым көпшілігі фольгадан негізінен бос кеңістіктен өткендей түзу сызықты жолынан ауытқымай өтетіндігі байқалған. Мәселен, қалыңдығы 410-7м алтын фольгадан өткенде -бөлшектердің көпшілігі түзу сызықты жолдан 10-20-тан аспайтын бұрыштарға ауытқыған. Бастапқы қозғалыс бағытынан ауытқыған -бөлшектерге келсек, өте үлкен бұрыштарға,кейде 1800-қа дейінгі бұрышқа аздаған ғана -бөлшектер шашы-райды. 8000 -бөлшектің біреуі 1800-қа бұрылып, кері серпілген.Резерфордтың пікірі бойынша бұл оң зарядталған -бөлшектер кеңістіктің өте кішкентай аймағында шоғырланған ауыр оң зарядтың тебуіне душар болған жағдайда ғана мүмкін болады
Резерфордтың бағалауы бойынша ядро мөлшерінің реттік шамасы 10-15-10-14м болуға тиіс. Атом құрылысының осындай моделі планетарлық немесе ядролық модель деп аталды.