3.Ахмет Иүгнекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегі жайлы әңгімелеңіз“Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.
Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді Болашақ ақын анасынан көзі соқыр болып туылған..Дастанның өзі көне түркі тілінде жазылса да ақын шығармасының атын «Хибатул-хақайық» деп әдейі арабша қойған сияқты. Бірқатар қолжазбалар бұл шығарманың аты «Айбатул-хақайық», ал кейбіреулерінде «Атебатул-хақайық» («Шындық қақпасы”) деп жазылған.Бұл дастанның ғылымға мәлім барлық қолжазбаларын өзара салыстьіра отырып, шығарманың толық мәтінін әзірлеген зерттеуші түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат болды. Ол 1951 жылы осы дастанның толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды..Сол кездегі шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес автор «Ақиқат сыйы» дастанын Алланы, Пайғамбарды және төрт сахабаны (пайғамбардың серіктері) мадақтаудан бастайды. Ақын бүл дастанды Ыспаһсалар деген бекке арнап жазғанын оқушысына ескертеді. Тегінде ақынның өз дастанын арнап отырған адамы сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі болса керек.«Ақиқат сыйы» дастаны негізінен «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайында» деп аталатын жырдан басталады: Дастанның бұдан кейінгі тараулары «Тілді тыйып үстау — әдептіліктің шарты», «Тіл жайында», «Дүниенің өзгеріп тұратыны жайында», «Жомарттық пен сараңдық жайында», «Игі мінез бен жарамсыз қылық жайында» , т. б. деп аталады.