1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


Орхон ескерткіштері жайлы айтыңыз



бет10/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
1-25

3.Орхон ескерткіштері жайлы айтыңыз
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» сөзі «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер — елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған. Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші — Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
5 Сұрақтар/тапсырма

  1. «Мұхаббат-наме» дастанына талдау жасаңыз

Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат-наме» дастаны. Оны жазған – ақын Хорезми. Хорезми – ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз онша көп емес. Ақын Хорезми – Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат-наме» дастанын жазған. Бүгінгі күнге «Мұхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фотокөшірмесін алды. Қолжазбаның бірі — 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. «Мұхаббат-наменің» араб әрпімен жазылған нұсқасы – 1509 жылы көшірілген. Бір қызығы – араб жазуындағы қолжазба ұйғыр жазуындағы нұсқадан 77 жыл кейін көшірілсе де, оған қарағанда әлде қайда кең әрі толық сақталған. «Мұхаббат-наме» дастанының араб әрпімен жазылған нұсқасы 473 бәйіттен тұрады. Дастанда 11 наме (хат) бар. Жігіттің қызға жазған 11 хаты жырға негіз болған. Солардың ішінде төртінші, сегізінші және он бірінші хаттар парсы тілінде жазылған. «Мұхаббат-наме» дастанының кіріспесінде ақын: «Мен де ұлы тәңірге жалбарынып, «Мұхаббат-намені» жаздым» — дейді. Автор сол кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан тәңірге сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтау сөз айтады. Содан кейін ғана дастанның жазылу себептеріне тоқталады. «Мұхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдір махаббаты жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік әлемінен тең таппай, оны Айға да, Күнге де теңеп, жер бетіндегі сұлулық атаулының ғажайып картинасын жасайды.Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып,асыл қасиет екенін ақын зор шеберлікпен суреттейді. Дастанда қыздың жігітке жазған жауап хаты берілмейді. Алайда жігіттің хатынан қыздың сүйген жігітке деген сүйіспеншілік сезімін, қуаныш-реніштерін айқын аңғаруға болады. Хорезми теңеу сөздерді мейлінше орынды қолданады. Дастанда: «нәркез көз», «ай жүз», «қылдай бел», «шекер сөз», «лағыл ерін» деген секілді дәстүрлі теңеулер көп. ақын дастанда айшықтаудың бір түрі болып табылатын шендестіру немесе антитеза әдісін де кеңінен қолданып отырады. Сол арқылы Хорезми бір-біріне қарама-қарсы ұғымдарды, құбылыстарды, түр түсі әр түрлі заттарды бетпе бет қою әдісімен бұлардан мүлдем басқа бір құбылыстың, ұғымның, заттың сыр-сипатын оқырман көзіне елестетеді. Мәселен, ақын бірде: «қара меңін ақ жүзіңе жарасар» десе, екіншісінде – «сен сұлтансың, ал мен – бақытсыз тұтқынмын» деп антитеза жасайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет