Талшықтарының ұзындықтары (мм): У1 = 50, У2 = 52, У3 = 48, У4 = 52. Анықтаңыз: орташа мәнді Уорт және стандартты ауытқуды S.
14 билет. Стандарттар бойынша иірімжіптің сапасын бағалау Бердоның тістерінің арасындағы сабақталатын жіптердің санының тәуелділігі Бердо-матаның ені бойынша негіз жіптерді орналастыруды реттейді және негніз бойына 1дм-дегі қажетті жіптер санымен қамтамасыз етеді. Бердо матаның шетіне арқау жіптерін қосуды жүзеге асырады. Бердо-тістерінің арасындағы сабақталынатын жіптердің саны-тоқылатын матаның құрылымына байланысты болып келеді, кең ассортиментті маталарда 1-ден 4-ке дейін жіптерді сабақтау қолданылады. Ал техникалық және арнайы маталардан тоқылған кезде 18-20 және одан да жоғары жіптер сабақталынады. Құрылымды ерекшеліктеріне және өлшемдеріне байланысты бердоны бірнеше түрін ажыратады. Еніндегі тістер санына байланысты бердоны нөмірі бойынша ажыратады. Бердоның нөмірі дегеніміз-бердоның 1дм-дегі тістер саны. Сабақтау өолмен,жартылай механикалық және механикалық әдістермен асырылады.
Погонды метрдегі және м2 1 сағаттық жұмыстағы тоқу станогының өнімділігін анықтау қажет, егер бас біліктің айналужиілігі 205 мин-1 , тығыздығы Ру. жайма ені 180 см болса-3 15 билет. Мақта талшығын өндіріске қабылдау және талшықтың иірілу қабілеті Мақта саласы текстиль өнеркәсібінің жетекші саласы болып табылады. Жұмысшылардың саны, жұмыс істейтін құрал-жабдықтар және мақта саласында шығарылатын өнімнің көлемі, текстиль өнеркәсібінің басқа салаларымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады. Мақта талшығы текстиль өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. Мақта талшықтарынан әртүрлі бұйымдар өндіріледі: костюм, көйлек, жейде және іш-киім маталары, трикотаж бұйымдары, аяқкиімдерге арналған маталар, техникалық маталар, тігін жіптері және басқа да бұйымдар. Меланж өндірісінде, дөрекі және боялған талшықтар қолданылады. Мақта саласында химиялық талшықтар да қолданылады. Бұл шығарылатын өнімнің ассортиментін үлкейтеді. Мақта қоспасына 10%-ке дейін химиялық талшықтарды қосу матаның қасиетін төмендетпейді. Мақта қолмен және машинамен жиналуына байланысты жіңішкеталшықты және орташаталшықты болып екіге бөлінеді. Үзілу салмағына және жетілу дәрежесіне байланысты мақта ташығын жеті сортқа бөледі – Т (таңдамалы), I, II, III, IV, V, VI. Талшықтың штапельді салмақ ұзындығына және оның салыстырмалы үзілу салмағына байланысты мақта талшығын жеті түрге бөледі – 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. V және VI сортты мақта талшығы түрлерге бөлінбейді. Әртүрлі белгілеудегі, сызықтық тығыздықтағы және сорттардағы мақта және аралас иірімжіптерге типтік сорттауы өңделген.
Иірудің кардты жүйесі мақта иіруде ең көп таралған. Бұл жүйе бойынша, орташаталшықты мақтадан үлкен және орташа сызықтық тығыздықтағы (11,5-84 текс) кардты иірімжіп өндіреді. Иірімжіп, иірудің кардты жүйесі бойынша сақиналы иіру машиналарында немесе ұршықсыз пневмомеханикалық иіру машиналарында өндіріледі.