Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.
Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3. Таза ақжайманы бікүл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.
4. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.
5. Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.
6. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.
7. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).
8. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.
9. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.
10. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.
11. Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.
12. Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.
13. Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.
14. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.
15. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;
3) А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.
В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.
С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау
А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету
Бұл алғашқы реанимациялық шаралар, көбінесі барлық жүрек-өкпе реанимациясын жетістік қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтын артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтын артқы қабырғасынын тілдін түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтын артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты, дем алғанда ауаны өткізбеуі мүмкін.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау
Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:
- зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдынғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;
- ауызын ашыңыз;
- алмалы-салмалы тістерін алыңыз;
- оң қолдын 2 (сұқ) және 3 (ортанғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарнын толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқияты түрде тазартыңыз;
- зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.