Қан кету (лат. Наemorrhagia compensatio-қан кету) деп қаннын тканьдеpде жиналyын айтады.
Қан кету (лат. Наemorrhagia compensatio-қан кету) деп қаннын тканьдеpде жиналyын айтады.
Ерте дүниеден бастап-ақ адамдар қан кетумен ұшырасқан және оны тоқтату керек екенін түсінген. Сондықтан қан кетумен күрес бастауын ертеден алады. Сол кездің өзінде қан кетуді тоқтату үшін тұтқыш заттарды, салқынды, күлді, қыздырылған металды, ыстық майларды пайдаланған, қысатын таңғыштар салған. Ежелгі дүние ғалымдары қан тоқтату жолдарын эмпириялық жолмен іздеді, себебі олар қан айналысының мәнін түсінген жоқ.
Қан тамыр ішінен шығып қоршаған тіндерге сіңсе, оны қан құйылу деп атайды. Әдетте, қан көлемі азғантай, қанның шығу жылдамдығы тез азаяды, қанның тамырдан сыртқа ағуы өздігінен тоқтайды.
Сыртқа шыққан қан тіндерді ажыратып, ағзаларды ығыстырған кезде ол жерде жасанды қуыс пайда болады және ол гематома деп аталады.
Қан кетудің жіктелуі
Қанның сыртқа шығуының себептеріне, механизміне байланысты қан кетуді 3 топқа бөледі:
қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі.
қан тамыры қабырғасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік, ферменттередің әсері) кезіндегі аррозиясы (жаралану, желіну, өліеттену) салдарынан қан кету.
қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялық деңгейде бұзылған кезде қан кету (авитаминоз, Шенлейн-Генох ауруы, уремия, сепсис, скарлатина және т.б.). Қанның үю жүйесінің де қан кетуде өзіндік ролі бар.
Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.
Артериялық қан кету - өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.