1 билет Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары


Салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиялары



бет30/30
Дата18.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#102117
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
онкология билет ответ

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиялары
2. Асқорыту жүйесінің қатерлі ісігінде науқастарға мейіргерлік күтім жүргізу
Жауап
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиялары
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ету,гигиеналық ережелерді орындау.
Ең алдымен организмді шынықтыру.Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану.Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.
Жарақаттың алдын алу.Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.
Жұқпалы аурулардың алдын алу.Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.
Зиянды әдеттерден алшақ болу.Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.
Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау.Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.
2. Асқорыту жүйесінің қатерлі ісігінде науқастарға мейіргерлік күтім жүргізу
Асқорыту органдарының ауруларындағы мейірбикелік үрдіс Ас қорыту мүшелеріне жатады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашы ішек, тоқ ішек. Ауыз қуысында тағамдар сілекейленіп өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазан дененің орташа сызығының сол жағында орналасады. Асқазанға 12 елі ішек жалғасады. Бұл мүшелердің жанында ұйқы безі, бауыр, өт қалтасы, аш ішек орналасады. Асқазанға түскен тағамдар асқазан сөлімен қорытылады. Ас қорыту дәрісіне ұйқы безі қатысады. Ұйқы безінің сөлі 12 елі ішектің ішіне түсіп, өт қалтасының сөлімен қосылып, майларды, көмір қышқылдарын ыдыратады. Асқазан сөлінің құрамына су, сілті қышқылы, пепсин және де басқа ферменттер кіреді. Асқазан ауруларында асқазан сөлі азаяды, көбейеді немесе мүлде жойылады. Асқазан ішек ауруларындағы негізгі шағымдары:- іштің ауруы;- тамаққа тәбетінің өзгеруі;- кекіру;- қыжылдау;- лоқсу;- құсу;- іштің кебуі;- нәжістің кідіріп қалуы;- іштің өтуі;- қансырау. Іштің ауруы кезіндегі мейірбикенің кірісулері.Шағымдардың ішінде ерекше орында тұратын белгілердің бірі – ауырсыну. Науқастың дәл қай жері ауырғанын анықтап сұрау маңызды роль атқарады. Кейде қабырғалардың төменгі жағында ауырсынудың пайда болуы асқазан ауруымен байланысты болмауы да мүмкін. Ол бауыр ауруларында, ұйқы безінің ауруларында байқалуы мүмкін. Ауырсыну жергілікті немесе жайылмалы түрде кездеседі. Ауырсынудың мінездемесі әртүрлі – ұстама тәрізді, үнемі, жыл мезігілімен байланысты, қабылдаған тамаққа байланысты, күш түсумен, қиналумен байланысты болып өтеді. Асқазан ауруының түріне байланысты тамақтан кейін ауырсыну әртүрлі уақытта білінеді. Сөлі аз асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдаған бетте білінеді, асқазан ойық жара ауруында ауырсыну түнде және аш қарында болады, сөлі көп асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Егерде ауырсынудың себебін білмесеңіз жансыздыратын немесе ішекте жібітетін дәрілерді беруге, асқазанды жууға, клизма және жылытуға қоюға болмайды.Мысалы: егер ауырсыну іштің тырсылдауы мен немесе асқазан жарасының қозуымен байланысты болса жылытқыш ауырсынуды азайтады, бірақ грыжа немесе соқыр ішектің қабынуына жылытқышты қоюға болмайды. Уланған жағдайда пациенттің жағдайын асқазанды жуумен жеңілдетеді. Ал жүректің өлі еттенуінде пациентке зиян келтіреді. Егер ұстамалы ауырсыну пайда болса жедел түрде дәрігерді шақырту керек. Асқазаннан қан кеткен жағдайдағы мейірбикенің кірісулері. Асқазаннан, ішектен қан кету ерекше асқыну болып саналады. Көбінесе асқазан жарасы, қатерлі ісіктерді пайда болады. Асқазаннан қан кеткенде құсықтың түсі “кофе” тәрізді болады, кейбір жағдайда өт аралас болады (өт қалтасының ауруларында), құсықтың қалдықтары араласады. Асқазаннан қан кету – асқазан, ұлтабар ойық жара ауруында жиі кездеседі. Оны қан араласқан құсық және қан араласқан нәжіс арқылы байқауға болады. Пациенттің өңі бозарып, қан қысымы төмендеп, тахикардия және есінен тануы мүмкін.
Мейірбикенің мақсаты:пациенттің жағдайын жақсарту.
1.Пациентті жатқызып, басын бұру.
2.Дәрігерді шақырту.
3.Лоток, леген, клеенка, сүлгі дайындайды.
4.Ауыз қуысын қаннан, құсықтан тазартып отыру, эпигастрий маңайына мұзды мұйық қою.
5.Қан тоқтататын дәрі - дәрмектерді әзірлеу: тұзды ертінділерді, аминокапрон қышқылын, дицинон, кальций хлор ерітінділерін дайындау.
6. Қан тобын, резус-факторын тексереді.
7.Пациенттің жағдайын қадағалап отырады (қан қысымын, тамыр соғысын, терінің түсін).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет