1. ҚІ бар науқастың медициналық құжаттарын толтыру
2. Паллиативті көмектің міндеттері
Жауап
1.қі бар науқастардың мед құжаттарын толтыру.Маңызды медициналық құжаттардың бірі- ауру тарихы. Ол емдеу мекемелерде барлық кезінде пациентті бақылау кезіндегі нәтижелерін жазуға арналған. Ауру тарихы стационарда пациентке, оның диагнозына, стационарда қанша уақыт болғанына байланысты маңызды құжаттардың бірі. Ауру тарихы Денсаулық минстрілігі бекіткен формалар бойынша негізгі бет және қосымша беттен тұратын арнайы бланк толтырылады. Ауру тарихының негізгі бетінде бірінші паспорт ақпараттары, диагноз, қай жерден жіберілгені туралы, түскен күні уақытымен жазылып тұрады. Қабылдау бөлімінің дәрігері науқас түскен кезден бастап оның зерттеу нәтижелерін ауру тарихына жазады. Бөлімшедегі дәрігер пациенттің анамезін- науқас туралы мәлеметтерді толық сұрап, жазып алады да күнделік арнап, оған зерттеу нәтижелерін, емдеу шараларын жазып жүреді. Ару тарихы эпикризбен және соңғы қойылған диагнозбен снақты емдеу шарасын жазумен аяқаталды. Ауру тарихына жазылған ақпараттарды жоюға, оны үстінен сызуға үстенен сәйкес келмейтін мәлеметтерді қосуға болмайды.
Амбулаториялық карта- емханада емделіп жатқан пациенттердің маңызды құжаттарының бірі.Ол құжатқа науқасты қабылдаған күннен бастап жағдайын, қазіргі кезіне дейін дәрігерге көрінген күндері жазылады.Егер науқас белгілі бір себептермен басқа қалаға немесе ауданға көшіп кеткен жағдай амбулаториялық картасы сол жерге жіберіледі. Мейірбеке қажет құжаттарды ұқыпты біріктіріп, есепте тұрған пациенттерді уақытында тексеріске шақырып түһқру керек
2. Паллиативті көмектің негізгі міндеттері
1.Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату.
2. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыста- рына психологиялық қолдау көрсету.
3. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру.
4. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру
5. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу.
6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады
№21 билет
Достарыңызбен бөлісу: |