1. Онкологиядағы деонтология 2. ҚІ бар науқастарды тамақтандыру.Емдік диета столдары Жауап
ОНКОЛОГИЯДАРЫ ДЕОНТОЛОГИЯ
1.Онкологиядагы маңызды деонтология болып наукастармен жумыс жасауда катерлі ісіктін емсіз еместігіне коз жеткізу). Казіргі заманда ешкандай ауру рак сиякты окініш тудырмайды. Онкологиялык наукастар алгашкы корінісін кездейсок екенін угындыруга тырысады. Сосын ауру кеткенін кутіп уй жағдайында емделеді. Аздаган гана адамдар урейге ушырап бірден дарігерге корінеді. Кобісі айлар бойы жаңа симптомдар пайда болып дәрігерге корінуге муктаж болган жагдайда ғана корінеді. Сонымен диспансерге келген жагдайда дарігердін сойлесуде маңызы зор себебі наукас дәрігерден жаксы умітті кутеді.
ДИАГНОЗ
• Наукаска диагноз айтар алдында келесілерді еске алган дурыс:
Диагнозды айтпай турып наукаспен узак, уакыт сойлесіп алу керек Диагнозды наукаска дәрігер айтады.
Наукас шын диагнозды тындауга дайын болу керек Диагноз алдында оны естуге дайын болу керек, ол зерттелген маглуматтар мен
ағзадағы озгерістерді тусіндіре отырып айтылады Наукастар тусінбейтін терминдерден алшак болу керек
Диагноз укім ретінде естілмеуі керек.
Наукастан эмоциянальды коріністерді коруге дайын болу керек.
Наукаспен онын уайымын болісуде дайын болу керек.
НАУКАС УРЕЙМЕН КУРЕСУ УШН:
• Тындай білу керек
• Верьбальды емес тілін тусіну керек
• Эмоциональды комек
• Наукаспен ашык, сенімді сойлесу кеерк
• Сурактарга таза жауап беру
• Сурак беруіне мумкіндік беру керек
• Ауырлыктарды алдын ала болжап оган куресуге дайын болу керек
2. ҚІ бар науқастарды тамақтандыру.Емдік диета столдары Тамақтану тәртібі
Емдеу мекемелерінде 4рет тамақтандырады. Асқазан, ішек, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары 5-6 рет тамақтанады.
Емдеу сауықтыру ұйымдарында М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.
Диеталық столдар
№ 1 диеталық стол – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит.
№ 2 диеталық стол – Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит.
№ 3 диеталық стол – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы.
№ 4 диеталық стол – Іш өтумен сипатталатын энтериттер.
№ 5 диеталық стол – Бауырдың және өт жолдарының аурулары.
№ 6 диеталық стол - Подагра ауруы.
№ 7 диеталық стол - Бүйрек аурулары.
№ 8 диеталық стол – Семіздік.
№ 9 диеталық стол – Қант диабеті ауруы.
№ 10 диеталық стол – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары.
№ 11 диеталық стол – Туберкулез ауруы.
№ 12 диеталық стол- Жүйке-психикалық аурулар.
№ 13 диеталық стол – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері.
№ 14 диеталық стол – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфор-кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия.
№ 15 диеталық стол – Жалпы стол, арнайы диеталық стол тағайындауға
көрсетпелердің болмауы және ас қорыту жүйесі қызметінің қалыпты болуы.
Тамақтану тәртібіне /диета/ сипаттама
№ 1а диета
Асқазан мен ішек операциясынан кейін бірінші күндері 3 күнге тағайындалады. Тамақ сұйық болуы керек. Құрамы: 10г қант қосылған шәй, жеміс-жидек киселі, алма компоты /алмасыз/, қайнатпа сарымайы бар күріш қайнатпасы және қанықтырылмаған ет сорпасы. Тамақ 2 сағат сайын беріледі.
№ 1б диета
Тағайындалуы: Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит.
Сипаттама: асқазан және он екі елі ішектің кілегей қабығын механикалық, термиялық, химиялық қорғау.
Тамақ ауқымы толығымен ұнтақталған болуы керек, тек қана қайнатылған тағамдар қолданылады. Тамақты тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: өткен күнгі қара және ақ нан, кептірілген ақ нан. Сүт, ұнтақталған көкөніс /орамжапырақтан басқа/, сүтті сорпалар. Буға піскен котлет, пісірілген тауық еті және балық. Буға піскен омлет. Тәтті жемістер, қайнатпалар, кисель, сүт, қаймақ, ірімшік, шәй.
Рұқсат етілмейтіндер: ауыр сіңірілетін көкөністер /қызылша, сәбіз/, сорпалар, тұздықтар, саңырауқұлақтар.
№ 2 диета
Тағайындалуы: Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит.
Сипаттамасы: механикалық қорғайтын, бірақ асқазан сөлінің секрециясын күшейтетін тамақ. Тамақ дайындау әдісі – қайнатылған және пісірілген.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: кептірілген және өткен күнгі жәй ақ нан. Ет және балық сорпасында дайындалған жарма мен көкөністер. Сиыр, тауық еттерін қуырмай қолдану. Пісірілген жеміс, көкөніс, жаңа сүт өнімдері, соустар, тұздықтар, кофе, шәй. Жентектелген жұмыртқа, қуырылған омлет.
Рұқсат етілмейтіндер: бұршақтар мен саңырауқұлақтар.
№ 3 диета
Тағайындалуы: Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы
Сипаттамасы: тамақ құрамында ішектің моторлы қызметін күшейтетін өсімдік клетчаткасына бай тағамдарды қолдану.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: ірі тартылған ұннан пісірілген нан, майсыздандырылған сорпа, ет пен балық. Көкөністер (әсіресе жапырақты), інжір, қара өрік. Үгілмелі ботқалар. Ірімшік, айран, түйір жұмыртқа, өсімдік майы.
Рұқсат етілмейтіндер: шалқан, қара шалқан, сарымсақ, саңырауқұлақ.
№ 4 диета
Тағайындалуы: Іш өтумен сипатталатын энтериттер.
Сипаттамасы: ішекті химиялық, механикалық, термиялық қорғайтын тамақ. Тамақты дайындау түрі – буға пісірілген, ұнтақталған. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: кептірілген ақ нан, майсыздандырылған күріш, манка сорпалары, суға және буға піскен ботқалар. Шырындар, итмұрын қайнатпасы, кисель, шәй. Суға және буға піскен ет.
Қолдануға болмайды: қант, кілегей.
Рұқсат етілмейтіндер: сүт, бұршақтар, тұздықтар, сүрленген тағамдар, өсімдік клетчаткасы, тұздалған тағамдар.
№ 5 диета
Тағайындалуы: гепатитте, холециститте, бауыр циррозында.
Сипаттамасы: Бауырды максималды қорғау. Құрамында көп мөлшерде көмірсуы бар заттарды, жануарлар майлары мен экстрактты заттарды шектеу керек. Қуырылған тағам түрлері жарамайды, тағамды ұнтақтамау керек, тәулігіне 5-6 рет қабылданады.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: өткен күнгі нан, көкөністі жарма сорпалары (ет және балық сорпаларынан басқа). Пісірілген құс еті. Көкөністерді шикідей пайдалану керек. Қант, бал, тосап, сүт өнімдері. Жеміс-жидектер (қышқылдылардан басқа).
Рұқсат етілмейтіндер: саңырауқұлақтар, шпинат, қымыздық, лимон, дәмдегіштер, какао.
№ 6 диета
Тағайындалуы: Подагра ауруы.
№ 7 диета
Тағайындалуы: Бүйрек аурулары.
Сипаттамасы: бүйректі қорғау. Тұзды шектеу (1-5г), сұйықтықты шектеу (800-1000 мл), тәтті, экстрактты заттарды шектеу керек. Дайындалуы – қуыру, буға пісіру.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: тұзсыз нан, майлы ет, балық, пісірілген құс еті, макарон тағамдары. Жұмыртқаны шектеу, курага, өрік қант, бал, сүт және сүт өнімдерін кеңінен қолдану.
Рұқсат етілмейтіндер: бұршақтар, қаймақ.
№ 8 диета
Тағайындалуы: Семіздік.
Сипаттамасы: майлар мен көмірсулар есебінен тамақтың энергетикалық құндылығын шектеу. Соған сәйкес ақуыздың мөлшерін көбейту. Тұздықтарды, экстрактты заттарды, сұйықтықтарды шектеу. Көкөністерді көбейту. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара нан, пісірілген майсыз ет және балық. Қарамық ботқасы. Әр түрлі көкөністер (картоптан басқа) өсімдік майымен. Жеміс-жидектер. Майсыз сүт, сүт өнімдері, қант орнына ксилит қолдану.
Рұқсат етілмейтіндер: тәтті жемістер: құрма, жүзім, інжір; дәмдегіштер.
№ 9 диета
Тағайындалуы: қант диабеті.
Сипаттамасы: құрамында холестерині бар заттарды, рафинадталған көмірсуларды шектеу немесе мүлдем қолданбау. Дайындалуы – пісірілген, тағамдар, қуырылған тағамдар шектеледі.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара бидай наны, қара нан, көкөніс сорпалары. Ботқалар: қарамық, сұлы. Жемістер, қышқыл сүт өнімдері. Майсыз ет және балық.
Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер. Манка жармасы, макарондар, тәтті жемістер. Қызылша, сәбіз, жасыл бұршақ картоп, жұмыртқа шектеледі.
№ 10 диета
Тағайындалуы: жүрек- қан тамыр жүйесі ауруларында.
Сипаттамасы: ас тұзын, құрамында холестерині бар өнімдерді, жануар майларын шектеу. Дайындалуы – суға пісірілген. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: ірі үгітілмелі бидай ұны, ет сорпасынан сорпалар. Ет сорпасы аптасына 1 рет тағайындалады. Пісірілген балық, майсыз ет. Көкөністер өсімдік майымен қолданылады. Қарамық, сұлы, қышқыл сүт өнімдері кеңінен пайдаланылады. Тамақ дайындауда өсімдік майларын қолдану қажет.
Рұқсат етілмейтіндер: Қою шәй, кофе, какао, консерванттар, ауыр сіңетін майлар, алкоголь тиым салынады.
№ 11 диета
Тағайындалуы: өкпе туберкулезінде.
Сипаттамасы: дәрумені мен ақуызы көп май мен көмірсу шағындап көбейтілген калориялы тағам. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі. Сүт тағамдары. Тәулігіне 4-5 рет қабылдайды.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: дайындау – аспаздық өңдеу әдеттегідей, онда азот экстрактивті заттары сақталған. Дәрумендер көп мөлшерде. Белок 120-140г, 100-20г май, 500-550г көмірсу.
Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер.
№ 12 диета
Тағайындалуы: жүйке және психикалық аурулар.
Жүйке жүйесін қоздыратын заттар- кофе, шәй, алкогольді ішімдіктер, тұздықтар, тұздалған, ащы тағамдар шектеледі. Дәрілік шәй (жалбыз, мелисса т.б.) қолданылады.
№ 13 диета
Тағайындалуы: жұқпалы ауруларда, қызбада.
Сипаттамасы: белоктар қалыпты жағдайда болуы керек, май мен көмірсу калориясын шектеу. 70-80г белок, 70г май, 300г көмірсу, 2200 калория. Көп мөлшерде С және басқада витаминдер тағайындалады, тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: сусын, көп мөлшерде сұйық беру. Дайындалуы – тағамды үгіп немесе тартып беру, химиялық тітіркендіргіштер аз болуы керек.
Рұқсат етілмейтіндер: май, көмірсу калориясын шамалап беру.
№ 14 диета
Тағайындалуы: Несептің сілтілі реакциясы және фосфор-кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия
Сипаттамасы: несептегі реакцияны қышқыл етіп өзгертуге көмектесетін тағамдар енгізу. Сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2л. Дайындалуы – аспаздық өңдеуі әдеттегідей, тәулігіне 4-5 рет.Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: сүт, ірімшік, сыр, сұйықтық жалпы мөлшері 1,5-2л. 80-100г белок, 100г май, 400г сутегі, 2800калорий.
Рұқсат етілмейтіндер: сілтілендіретін әсері бар тағамдар.
№ 15 диета
Тағайындалуы: барлық пациенттер ауырған жағдайда яғни жалпы стол.
Сипаттамасы: дәрумендердің екі есе көбейген толыққұнарлы тағам, майлы ет тағамдары шектеледі.Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара бидай наны, көп мөлшерде жеміс жидектер, көкөніс өнімдері, сүт, ақ нан, картопты гарнир ретінде ұсынады, тәулігіне 4-5 рет қабылданады.
Рұқсат етілмейтіндер: майлы ет.
ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: Қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан, хал-жағдайы ауыр науқас.
Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, су беретін ыдысты, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдауды ұнататынын сұраңыз.
Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.
Тумбочкіге немесе кереует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаңыз, (Фаулер қалпын).
Науқастың басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егер де отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе су беретін ыдысты тамақпен ауызына жақындатыңыз.
Науқасты қасықпен аз мөлшерде немесе су беретін ыдыспен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.
Аузында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.
Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.
Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: - егер де науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.
- Ыстық тағамның температурасы шамамен 570 С - 620С, салқын -150 С- кем емес!
Жасанды тамақтандыру
Жасанды тамақтандыру организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды қоректі заттарды енгізу.
ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ МҰРЫН-АСҚАЗАН СҮҢГІСІ АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.
Қолға тазартуды жүргіңіз.
Енгізетін сүңгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз
Қолғапты киіңіз.
Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз (сүңгіні суландыру үшін).
Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.
Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.
Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, сүңгіні белгіленген белгісіне дейін, жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз).
30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырыңыз.
Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.
Фонендоскоптың бақылаумен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).
Сүңгіге қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Сүңгінің сыртқы шетін лотокқа салыңыз.
Сүңгіні жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.
Сүңгіден қысқышты (тығынды) алып, құйғыны немесе Жане шприцін поршенсіз сүңгінің бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.
Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының аузында тамақ қалмағанша.
Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.
Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.
Сүңгінің шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүңгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алды алуын жүргізеді:
t-38-400 су моншасында тамақты жылытады;
егер де қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;
егер де науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;
сүңгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүңгіні жылдам шығару қажет.