1 билет Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары


Онкологиялық диспансердің құрылымы



бет6/30
Дата18.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#102117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
онкология билет ответ

1. Онкологиялық диспансердің құрылымы
2. Мейіргерлік үрдіс туралы түсінік
Жауап
1.Онкологиялық диспансер –ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастырып, оны іс жүзіне асырып отыратын негізгі денсаулық сақтау мекемесі. Ол республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық және ауданаралық болуы мүмкін. Оның құрамы, ауруханасындағы төсек саны, емханасындағы қарау мүмкіншілігі сол жердегі халықтың санына және олардағы ісік ауруының санына, түрлеріне байланысты айқындалмақ. Диспансердің негізгі құрамында аурухана,зертхана, ұйымдастыру әдістемелік бөлме, кеңес беретін емхана болуы керек. Диспансердің ұйымдастыру-әдістемелік бөлмесінің негізгі міндеті есеп-санақ жұмыстарын қадағалап тексеріп, үнемі талдап отыру, диспансер бойынша ісік ауруына қарсы шараларды жоспарлау, ғылыми мекемелердің ұсынған жаңа тексеру және емдеу әдістерін қадағалап, практикаға енгізу, диспансердегі және аудандар көлемінде онкология саласында жұмыс жасап жүрген дәрігерлердің қатарын көбейтіп, білімдерін көтеру, оларды жоспарлау, жалпы емдеу орындарындағы ісікке қарсы жүргізіліп жаткан жұмыстардың тиімділігін талдап, оған әдістемелік жолбасшылық көрсету және жыл аяғында есепті ақпар дайындау болып табылады. Диспансердің емханасында ісік ауруын анықтау үшін мүмкіншіліктері мол жана құрал-жабдықтар (рентген-диагностикалық, радиоизотоптық, ультрадыбыстық-эндоскопиялық т.б.), цитологиялық, гистологиялық және клиникалық зертханалар болуы керек. Онкологиялық диспансеррелдің атқаратын негізгі міндеттері төмендегідей: -өзіне қрасты аумақта ісік ауруы бар адамдарға кеңестік көмектерді емханада немесе ауруханада көрсету. –қатерлі ісік және ісік алды ауруларын табу және сақтандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақстында жалпы емдеу саласындағы дәрігерлерге әдістемелік тұрғыда жолбасшылық беріп отыру; емханалардағы онкологиялық бөлімдер мен бөлімшелердін жұмысын үнемі қадағалап қарап, ондағы дәрігерлер онкологтың,радиологтын т.б күнделікті жұмысына жолбасшылық беру; ісік ауруларын емдеуге бөлінген қаражаттың дұрыс және тиімді пайдалануын қдағалау. - ісік ауруы анықталған адамдарды 10 күннен қалмай ауруханаға орналастырып, ем шараларын мезгілімен алуларын бақылап отыру, егер ауру жалпы емдеу орындарының ауруханасына түссе, оларға қолданылатын емнің дұрыстығын тексеріп отыру; ісік ауруының кешігіп анықталуының негізгі себептерін анықтап, оларды келешекте болдырмау шараларын қолға алу. Қатерлі ісікпен ауырған адамдар өмір бойы диспансерлік бақылауда болады. Бірақ емделіп шыққаннан кейін ісіктің қайта өрбіп, жаңа метастаздарының пайда болған не болмағандығын анықтау мақсатында емханалардағы онкологтар науқастанған адамдарды бірінші жылдың ішінде 4 рет (әрбір үш ай сайын), екінші жылы 2 рет (әрбір 6 ай сайын), ал үшінші жылдан бастап өмiрнiң соңына дейін жылына бір рет міндетті түрде жан-жақты тексеруден өткізіп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет