2. Асқорыту органдарының ауруларындағы мейірбикелік үрдіс Ас қорыту мүшелеріне жатады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашы ішек, тоқ ішек. Ауыз қуысында тағамдар сілекейленіп өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазан дененің орташа сызығының сол жағында орналасады. Асқазанға 12 елі ішек жалғасады. Бұл мүшелердің жанында ұйқы безі, бауыр, өт қалтасы, аш ішек орналасады. Асқазанға түскен тағамдар асқазан сөлімен қорытылады. Ас қорыту дәрісіне ұйқы безі қатысады. Ұйқы безінің сөлі 12 елі ішектің ішіне түсіп, өт қалтасының сөлімен қосылып, майларды, көмір қышқылдарын ыдыратады. Асқазан сөлінің құрамына су, сілті қышқылы, пепсин және де басқа ферменттер кіреді. Асқазан ауруларында асқазан сөлі азаяды, көбейеді немесе мүлде жойылады. Асқазан ішек ауруларындағы негізгі шағымдары:- іштің ауруы;- тамаққа тәбетінің өзгеруі;- кекіру;- қыжылдау;- лоқсу;- құсу;- іштің кебуі;- нәжістің кідіріп қалуы;- іштің өтуі;- қансырау. Іштің ауруы кезіндегі мейірбикенің кірісулері.Шағымдардың ішінде ерекше орында тұратын белгілердің бірі – ауырсыну. Науқастың дәл қай жері ауырғанын анықтап сұрау маңызды роль атқарады. Кейде қабырғалардың төменгі жағында ауырсынудың пайда болуы асқазан ауруымен байланысты болмауы да мүмкін. Ол бауыр ауруларында, ұйқы безінің ауруларында байқалуы мүмкін. Ауырсыну жергілікті немесе жайылмалы түрде кездеседі. Ауырсынудың мінездемесі әртүрлі – ұстама тәрізді, үнемі, жыл мезігілімен байланысты, қабылдаған тамаққа байланысты, күш түсумен, қиналумен байланысты болып өтеді. Асқазан ауруының түріне байланысты тамақтан кейін ауырсыну әртүрлі уақытта білінеді. Сөлі аз асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдаған бетте білінеді, асқазан ойық жара ауруында ауырсыну түнде және аш қарында болады, сөлі көп асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Егерде ауырсынудың себебін білмесеңіз жансыздыратын немесе ішекте жібітетін дәрілерді беруге, асқазанды жууға, клизма және жылытуға қоюға болмайды.Мысалы: егер ауырсыну іштің тырсылдауы мен немесе асқазан жарасының қозуымен байланысты болса жылытқыш ауырсынуды азайтады, бірақ грыжа немесе соқыр ішектің қабынуына жылытқышты қоюға болмайды. Уланған жағдайда пациенттің жағдайын асқазанды жуумен жеңілдетеді. Ал жүректің өлі еттенуінде пациентке зиян келтіреді. Егер ұстамалы ауырсыну пайда болса жедел түрде дәрігерді шақырту керек. Асқазаннан қан кеткен жағдайдағы мейірбикенің кірісулері. Асқазаннан, ішектен қан кету ерекше асқыну болып саналады. Көбінесе асқазан жарасы, қатерлі ісіктерді пайда болады. Асқазаннан қан кеткенде құсықтың түсі “кофе” тәрізді болады, кейбір жағдайда өт аралас болады (өт қалтасының ауруларында), құсықтың қалдықтары араласады. Асқазаннан қан кету – асқазан, ұлтабар ойық жара ауруында жиі кездеседі. Оны қан араласқан құсық және қан араласқан нәжіс арқылы байқауға болады. Пациенттің өңі бозарып, қан қысымы төмендеп, тахикардия және есінен тануы мүмкін.Мейірбикенің мақсаты:пациенттің жағдайын жақсарту.1.Пациентті жатқызып, басын бұру.2.Дәрігерді шақырту.3.Лоток, леген, клеенка, сүлгі дайындайды.4.Ауыз қуысын қаннан, құсықтан тазартып отыру, эпигастрий маңайына мұзды мұйық қою.5.Қан тоқтататын дәрі - дәрмектерді әзірлеу: тұзды ертінділерді, аминокапрон қышқылын, дицинон, кальций хлор ерітінділерін дайындау.6. Қан тобын, резус-факторын тексереді.7.Пациенттің жағдайын қадағалап отырады (қан қысымын, тамыр соғысын, терінің түсін).
№7 билет